Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Елшілік туралы
Консулдық мәселелер
Екіжақты ынтымақтастық
Все материалы
ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу
26 декабря 2023
  • Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.
  • Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін).
  • Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
  • Егер баланың ата-анасының бірі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, қазақстандық үлгідегі куәлік алуға нотариалды расталған келісім.
  • Егер ата-анасының біреуі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасы.
  • Ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін).
  • Баланың туу туралы медициналық куәлігі немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі не туу туралы куәліктің түпнұсқасы (салыстыру үшін) не баланың туу туралы актілік жазбаның көшірмесі.
  • Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

 Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда ата-аналардың еркін түрде жазылған жазбаша түсініктемесі қосымша ұсынылады.

 Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

 Әке болуды анықтаумен байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда:

  • Құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 жұмыс күні;
  • Порталға жүгінген кезде – 3 жұмыс күні.
  • 25 АҚШ доллары

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті ( сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы:

Түрікменстан, Ашғабат қ., 744036 Гарашсызлык даңғылы 11-13

Телефон арқылы хабарласыңыз: +993-12-48-04-72 және / немесе электрондық пошта: ashgabat.consul@mail.ru.

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
ҚР оралуға арналған куәлікті ресімдеу
25 декабря 2023

Қайтып оралуға арналған куәлік – иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат.

 Қайтып оралуға арналған куәлікті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер):

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және келісімдерінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының қызметтік немесе дипломатиялық паспортын жоғалтқан не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда;

2) Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда;

3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан жағдайда;

4) босқындарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда;

5) Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасына келу үшін құжаттары жарамсыз не Қазақстан Республикасына келуге арналған құжаттарын жоғалтқан азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген, Қазақстан Республикасына ұстап берілген не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасына берілген жағдайларда;

6) осы тармақтың 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға – олар «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3) немесе 6) тармақшаларына сәйкес жарамсыз жеке басын куәландыратын құжаттарын тапсырған жағдайда ресімдейді.

1) еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда);

2) жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (жоғалтқан жағдайда);

3) өлшемі 3х4 см түрлі-түсті екі фотосурет;

4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттардың (болған кезде) бірінің түпнұсқасы немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы берілетін жеке басты куәландыратын электронды құжат, ал ол болмаған жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес толтырылған Сауалнама-өтініш;

6) жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат тапсырылады (жынысын өзгерткен жағдайда).

  • 2 (екі) жұмыс күні, жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болған кезде;
  • 10 (он) жұмыс күні, жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған кезде.
  • Сумма – 10 АҚШ доллары

-  

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Телефон: , E-mail:

 

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
ҚР азаматының паспортын ресімдеу
23 декабря 2023

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚР Консулдық мекемелері арқылы ҚР азаматтарына:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға;
  • шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатындарға;
  • шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға;
  • көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға;
  • шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;
  • жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және организм функциялары бұзылып, тұрмыс-тіршілігін шектейтіндей тұрақты денсаулығы нашарлаған адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға;
  • шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталғандарға, қамауға алынғандарға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілерге көрсетеді.

Назар аударамыз!!! Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу Консулдық мекеменің құзыретіне жатпайды.

  • Өтініш.
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде).
  • Өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті төрт фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді).
  • Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде).
  • Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) шетелге бару үшін берілген паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде).
  • Тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжаттың бірі (түпнұсқа және көшірме).
  • Егер мұндай анықтаманы алу мүмкіндігі болатын елдің заңнамасында көзделген болса, консулдық орналасқан елдің құзыретті органынан азаматтығы жоқ екендігі туралы анықтама.
  • Консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.
  • Туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат. Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда).
  • Құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - күнтізбелік 90 күн
  • 100 АҚШ доллары

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Түрікменстан, Ашғабат қ., 744036 Гарашсызлык даңғылы 11-13

Телефон арқылы хабарласыңыз: +993.-12-48-04-72 және / немесе электрондық пошта: ashgabat.consul@mail.ru.

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу
20 декабря 2023

     Бұл қызмет Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарына ұсынылады.

     Осы қызметті ұсынуға құжаттарды тапсырар алдында сілтемелер бойынша ҚР-да берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді алдын ала тексеруді ұсынамыз:

  • Өтініш-сауалнама.
  • Отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелер болған кезде – алимент алушылар - егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге тәсілмен төлеу не кететін адамның кетуі үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін белгілеу туралы соттың шешімі беріледі.
  • Сот бекіткен, өндіріп алушымен жасалған бітімгершілік келісім; өндіріп алушымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім; өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге талабының орындалғанын растайтын құжаттар; егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, атқарушылық құжатты беруге негіз болған тиісті орган шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттар.
  • Ата-анасымен не өзге де заңды өкілдерімен кету туралы шешім қабылданған кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы.
  • Он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бірімен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бірге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екіншісінің нотариалды түрде расталған келісімі. Келісім болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
  • Консулдық алымды төлеу туралы құжат.
  • Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және/немесе баланың туу туралы куәлігін немесе анықтамасын қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші олардың көшірмелерін көшіреді, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Қазақстан Республикасының жеке куәлігінің түпнұсқасы алынады.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша түсініктеме береді.

  • 3 ай
  • 140 АҚШ доллары

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы:

Түрікменстан, Ашғабат қ., 744036 Гарашсызлык даңғылы 11-13

Телефон арқылы хабарласыңыз: +993-12-48-04-72 және / немесе электрондық пошта: ashgabat.consul@mail.ru.

Сақтандыру мәртебесін алу және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі үшін шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналған ақпарат
19 июля 2023

Дипломатия жаршысы №1-2 (64-65) 2021
25 апреля 2022

 

Биыл Қазақстан және КСРО халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толғаны атап өтілуде
31 января 2022

2022 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан және КСРО Халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды.

Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығы халыққа қалтқысыз қызмет етудің, сахнаға деген адалдықтың және көрерменге деген шексіз құрметтің үлгісі.

Әнші өзінің еңбек жолын Өзбек КСР Өзбек филармониясының мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде бастап, содан кейін Мәскеу консерваториясына жолдама алды. Бірақ Ұлы Отан соғысының басталуымен ансамбльмен бірге майданға аттанды. Бригада құрамында Қызыл Армия жауынгерлерінің алдында майданда өнер көрсетті: землянкалар, вокзалдар, танктер мен ұшақтың қанаттарында ән айтты. Ұлы Отан соғысы кезінде Роза Бағланова өз шығармашылығымен сарбаздардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, жауынгерлерді ұрыс алаңынан шығаруға көмектесіп, өзін ерлік жағынан көрсетті.

1945 жылы 9 мамырда Р.Бағланова Берлин қ. өткен Жеңіс концертіне қатысты. Солдаттық ерлігі үшін әнші көптеген жауынгерлік марапаттарға ие болды, олардың ішінде маршалдар И.Конев пен К. Рокоссовский тапсырған 2 медальді ерекше бағалады.

Роза Бағланованың халық арасына көп тараған ерекше танымал әні Лидия Русланованың репертуарындағы «Ах, Самара-қалашығы» әні еді.

Соғыстан кейін сахнаға оралған Роза Бағланова КСРО-да бүкілхалықтық танымалдылыққа ие болған алғашқы қазақ әншісі болды. Роза Бағланованың репертуарында әлемдік опера өнерінің туындылары, түрлі елдердің халық әндері мен заманауи композиторлардың әндері бар.

Роза Бағланова сол дәуірдің ұлттық символдары А.Вертинский, Г.Уланова, М.Плисецкая, И.Ильинский, А.Райкин, С.Рихтер, Д.Шафранмен бір сахнада тұрып, өнер көрсеткен тұлға. Әнші гастрольдік сапармен Польша, ГДР, Мажарстан, Аустрия, Чехословакия, Қытай, Корея, Үндістан, Бирма, Канада, Швеция, Бельгия және т.б. елдерді аралады.

Сонымен қатар, Роза Бағланова И.Сталин, Ким Ир Сен, Мао Цзе Дун, Дж.Неру, Индира Ганди, Н.Хрущев, Л.Брежнев секілді көптеген мемлекет басшылары мен жоғары лауазымды адамдардың алдында өнер көрсетті. Корея Халық Республикасында болған кезінде Үкімет делегациясының қатарында жүрген Роза Бағлановаға Ким Ир Сен өзінің жеке ұшағын беріп, ол 10 күн бойы гастрольдік сапармен ел аралады.

Үндістанда әнші Джавахарлал Нерудың қабылдауында болып, Индира мен Раджив Гандимен кездесті.

1949 жылы әнші «Әлем жастығы» кеңестік-мажарлық деректі фильміне түсті. 2006 жылы Алматы қаласында «Ах, Самара-қалашығы» деректі кинофильмінің тұсаукесері өтті.

2021 жылы «Хабар» телеарнасы әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы «Бұлбұл» биографиялық көркем телесериалын шығарды.

2007 жылы Роза Бағланованың «Айналайын халқымнан еркелеткен» атты өмірбаяндық кітабы жарық көрді.

Роза Бағланова туралы көптеген кітаптар мен көркем суреттер жарық көріп, поэтикалық шығармалар жинақталды. Оның есімі М.Тетчер, Э.Тейлор және т.б. ұлы әйелдермен бірге англо-американдық «Кімнің кім екені» энциклопедиясына енген.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Роза Бағланова туралы әншінің үлкен шығармашылық жолы туралы баяндайтын «Біздің Роза» деректі фильмін түсірді.

Қазақ өнерін дәріптегені үшін көптеген атақтар мен марапаттарға ие болды.

2021 жылғы 23 қарашада ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған Атаулы күндер күнтізбесі қабылданды. Оған Қазақстанның ұсынымымен және Ресей мен Өзбекстанның қолдауымен әнші Роза Бағланованың 100-жылдығы кірді.

Қазақстан Республикасында ұлы қазақ әншісі туралы естелікті сақтау мақсатында Роза Бағланованың 100-жылдығын мерекелеу шеңберінде 2022 жылы елімізде және шетелде бірқатар мерейтойлық іс-шаралардың өткізілуі жоспарланып отыр.

Әбу Насыр әл-Фараби
09 апреля 2020

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.

Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.

Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.

Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.

Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды. 

Абай Құнанбайұлы
09 апреля 2020

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) Шығыс Қазақстан облысының қазіргі Абай ауданында Шыңғыс тауының етегінде дүниеге келген.

Ол белгілі қазақ ақыны, ұлы ойшыл, композитор, философ, жазбаша қазақ әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі болды.

Ол өз халқына қалдырған мұра ән мен өлеңдерге, аудармаларға және прозаға бай. Оның Пушкин, Лермонтов және Крылов сияқты орыс жазушылары мен ақындары жазған өлеңдері Қазақстанның ұлттық игілігіне айналды. Ол сондай-ақ Шиллердің, Гете мен Байронның шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Ұлы ойшыл жасаған сөздер кітабы философиялық трактат пен өлеңдер жинағы болып табылады,онда ол өз отандас-қазақтарды кедейшіліктен, кедейшіліктен және сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін білім алуға, сауаттылық пен жақсы моральдық қасиеттерді қабылдауға шақырады. Бұл оның туындысы-XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ ұлттық өмірін зерттеу. Ол өмір сүрген елдегі әлеуметтік істерге әсер етті.

Ол сондай-ақ елді басқаруға қатысып, күрделі мәселелерді әділ шешу әрекеттерінде белгілі бір рөл атқарды.

Абайдың қазақ мәдениеті мен фольклорындағы басты үлесі оның поэзиясына негізделген. Оған дейін қазақ поэзиясының көп бөлігі қазақ даласы халықтарының көшпелі повестерімен үндесіп, ауызша болды.

Бірақ Абай өмір сүрген кезде бірқатар маңызды әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алды. Ресей әсері Қазақстанда өсуді жалғастырды, бұл білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ орыс, батыс немесе азиялық болсын бірқатар түрлі философиялармен танысуға әкелді. Оның мүсіні Қазақстанның көптеген қалаларында, сондай-ақ Мәскеу, Ташкент, Каир және Будапештте тұрғызылды.

Абай есімі бүкіл әлемде Шекспир, Гете және Пушкин сияқты көптеген елдерде белгілі, өйткені оның ұлы сөздері тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани игілігіне айналды.

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы шарттық-құқықтық базаның тізбесі
08 апреля 2020

Халықаралық шарттың атауы

Қол қойылған күні

қол қойылған орны

Мәртебесі

Күшіне енген күні

1.       

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы көлік және байланыс саласындағы өзара қарым-қатынастардың негізгі қағидаттары туралы келісім

19.05.1993

Ашхабад

Қолданыстағы

19.05.1993

2.       

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім

19.05.1993

Ашхабад

Қолданыстағы

19.05.1993

3.       

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы сауда-саттыққа жатпайтын төлемдер туралы келісім

19.05.1993

Ашхабад

Қолданыстағы

19.05.1993

4.       

Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісім

19.05.1993

Ашхабад

Қолданыстағы

19.05.1993

5.       

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы 1992 жылы және 1993 жылдың бірінші жартыжылдығында жеткізілген өнім үшін өзара есеп айырысуларды реттеу туралы келісім

24.07.1993

Алматы

Қолданыстағы

24.07.1993

6.       

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы 1993 жылғы және 1994 жылғы 20 наурыздағы борыштық міндеттемелер мен талаптарды, 1994 жылы Түрікмен табиғи газын жеткізу және тасымалдау шарттары туралы келісім

24.03.1994

Алматы

Қолданыстағы

24.03.1994

7.       

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы 1995 жылға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық қағидаттары туралы келісім

28.12.1994

Алматы

Қолданыстағы

28.12.1994

8.       

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына, терроризмге және қылмыстың басқа да қауіпті түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім

27.02.1997

Алматы

Күшіне енбеген

-

9.       

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестаттау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім

27.02.1997

Алматы

Қолданыстағы

27.02.1997

10.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы медицина және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім

27.02.1997

Алматы

Қолданыстағы

27.02.1997

11.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім

27.02.1997

Алматы

Қолданыстағы

27.02.1997

12.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция

27.02.1997

Алматы

Қолданыстағы

10.03.2000

13.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы құқықтық ақпарат алмасу туралы келісім

27.02.1997

Алматы

Қолданыстағы

27.02.1997

14.   

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы азаматтық және отбасылық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шарт

27.02.1997

Алматы

Қолданыстағы

10.04.2000

15.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім

27.02.1997

Алматы

Қолданыстағы

27.02.1997

16.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы транзиттік жүктерді қайта өңдеу және тасымалдау үшін порттарды пайдалану туралы келісім

27.02.1997

Алматы

Қолданыстағы

27.02.1997

17.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім

27.02.1997

Алматы

Қолданыстағы

10.03.2000

18.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім

27.02.1997

Алматы

Қолданыстағы

29.01.1999

19.   

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізін құру жобасын жүзеге асыру және Ералиев - Бекдаш - Түркменбашы темір жол желісін салу жөніндегі консорциум құру туралы хаттама

28.02.1997

Алматы

Қолданыстағы

28.02.1997

20.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарлары туралы келісім

01.03.2001

Ашгабат

Қолданыстағы

22.02.2002

21.   

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау процесі туралы шарт

05.07.2001

Астана

Қолданыстағы

31.08.2006

22.   

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекараны күзетудегі ынтымақтастық туралы келісім

05.07.2001

Астана

Қолданыстағы

27.09.2003

23.   

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы жазасын одан әрі өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды беру туралы шарт

05.07.2001

Астана

Қолданыстағы

10.12.2003

24.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы салық заңдарын бұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы келісім

05.07.2001

Астана

Қолданыстағы

26.12.2001

25.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім

05.07.2001

Астана

Қолданыстағы

06.08.2002

26.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы келісім

05.07.2001

Астана

Қолданыстағы

11.01.2002

27.   

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы 2020 жылға дейінгі сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы шарт

28.05.2007

Астана

Қолданыстағы

07.04.2009

28.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметі туралы келісім)

28.05.2007

Астана

Қолданыстағы

01.09.2015

29.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы киіктерді қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі келісім (Saiga tatarica tatarica)

28.05.2007

Астана

Қолданыстағы

28.05.2007

30.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Стандарттау, метрология, сертификаттау және тіркеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім

28.05.2007

Астана

Қолданыстағы

08.01.2008

31.   

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Гидрометеорология жөніндегі бас басқарма мен Түрікменстанның табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Гидрометеорология жөніндегі басқармасы арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім

08.04.1993

Астана

Қолданыстағы

08.04.1993

32.   

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Түрікменстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісім

19.05.1993

Ашгабат

Қолданыстағы

19.05.1993

33.   

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Түрікменстанның Орталық Банкі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның ұлттық валюталарының енгізілуіне байланысты банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыру туралы келісім

23.12.1993

Ашгабат

Қолданыстағы

23.12.1993

34.   

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі мен Түрікменстан мұнай және газ министрлігі арасындағы 1995 жылға арналған ынтымақтастық туралы келісім

28.12.1994

Алматы

Қолданыстағы

28.12.1994

35.   

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Түрікменстанның мемлекеттік шекара қызметі арасындағы жедел-іздестіру қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама

28.05.2007

Астана

Қолданыстағы

28.05.2007

36.   

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Түрікменстанның Денсаулық сақтау және медицина өнеркәсібі министрлігі арасындағы халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы келісім.

11.09.2007

Ашгабат

Қолданыстағы

11.09.2007

37.   

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Консулдық шарт

27.02.1997

Алматы

Қолданыстағы

10.04.2000

38.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасы арқылы халықаралық темір жол өткізу пункті туралы келісім

30.05.2012

Ашхабад

Қолданыстағы

30.05.2012

39.   

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Түрікменстанның Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама

10.05.2013

Астана

Қолданыстағы

10.05.2013

40.   

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізі түбін Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасында бөлу туралы келісім

02.12.2014

Ашхабад

Қолданыстағы

31.07.2015

41.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім

02.12.2014

Ашхабад

Қолданыстағы

01.06.2015

42.   

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы келісім.

18.04.2017

Астана

Қолданыстағы

29.01.2018

43.   

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шарт

18.04.2017

Астана

Қолданыстағы

11.09.2018

44.   

ҚР ҚМ мен Түрікменстан ҚМ арасындағы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісім.

18.04.2017

Астана

Қолданыстағы

18.04.2017

45.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісім.

18.04.2017

Астана

Қолданыстағы

07.09.2017

46.   

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия туралы келісім

18.04.2017

Астана

Қолданыстағы

18.04.2017

 

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы