Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулы Қуат Канафеев Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Анталиядағы өкілі Деха Ермекпен кездесті

Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулы Қуат Канафеев Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Анталиядағы өкілі Деха Ермекпен кездесті

А.ж. 18 қаңтарында Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулы Қуат Канафеев Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Анталиядағы өкілі Деха Ермекпен кездесті. Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық және консулдық салалардағы қазақстан-түрік қатым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сонымен қатар, 2023 жылдың 10-12 наурыз айына жоспарланған Анталия дипломатиялық форумының хаттамалық және ұйымдастырушылық мәселелері мен күн тәртібі талқыланды. Кездесудің соңында сұхбаттасушылар тұрақты байланыстарды сақтауға және жан-жақты қолдау көрсетуге уағдаласты.