Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулы Қуат Канафеев, Акдениз университетінің ректоры Озкан Озлененмен кездесті

Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулы Қуат Канафеев, Акдениз университетінің ректоры Озкан Озлененмен кездесті

Ү.ж. 13 қантар күні Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулы Қуат Канафеев, Акдениз университетінің ректоры Озкан Озлененмен кездесті. Кездесу барысында тараптар қазақстандық студенттердің мәселелерін, жоғары білім саласындағы ынтымақтастықтың ықтимал перспективаларын, сондай-ақ университетаралық диалогты нығайтуды талқылады. Тығыз байланыстарды сақтап, жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.