Түркия Республикасында уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Түркия Республикасында уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2023 жылғы 19 наурызда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі жанындағы №286 сайлау учаскесінде, Қазақстанның Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №255 сайлау учаскесінде және Қазақстанның Анталия қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №296 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.
 
Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.

Аталған сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Түркия аумағындағы әрбір азамат, төмендегі байланыс бойынша хабарласып , өзіңізге қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) жіберуіңізді сұраймыз.

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі (Анкара): Тел: +90 312 491 9100

Қазақстанның Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы (Ыстанбұл): Тел: +90 212 662 5347 (ұялы: +90 538 440 9677)

Қазақстанның Анталия қаласындағы консулдығы (Анталия): Тел: +90 242 324 2611 (ұялы: +90 536 489 6411)