Қазақстан мен Түркия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Түркия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Анкара, 2025 жылғы 26 ақпан – Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сапиев Түркияның Республикасының Денсаулық сақтау министрі Кемал Мемишоғлумен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы қатынастардың маңыздылығын атап өтіп, оның түрлі бағыттары бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.

Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, салада инновациялық шешімдерді енгізу, фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту және медициналық кадрларды даярлау мәселелері талқыланып, құзыретті министрліктердің алдағы өзара сапарлары мен бірлескен іс-шараларына дайындық барысы талқыланды. 

Кездесу қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша жұмысты белсенді түрде жалғастыруға уағдаластыққа қол жеткізілді.