Түркі елдері парламенттік саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Түркі елдері парламенттік саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Анкара, 2025 жылғы 18 ақпан - ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық мәселелер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан Ыстасбұлда өткен Түркі елдерінің халықаралық істер жөніндегі комитеттері басшыларының 2-ші кездесуіне қатысты.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту жолдары талқыланды. Осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығы мен тиімділігі атап өтілді, парламентаралық ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында тұрақты негізде өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендігі расталды.

Кездесу қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды.