Қазақстан мен Түркия парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Түркия  парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

Анкара, 2025 жылғы 14 ақпан – Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Н.Сабильянов бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Қазақстан-Түркия» достық тобының делегациясы Анкарада болды.

Сапар барысында делегация Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің «Түркия-Қазақстан» достық тобының басшысы Мехмет Али Джевхери, сондай-ақ Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы, бұрынғы вице-Президент Фуат Октаймен кездесу өткізді.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Түркия арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік рухындағы өзара іс-қимылдың оң динамикасын атап өтті.

Осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығы мен тиімділігін атап өтіп, парламентаралық қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында тұрақты негізде өзара іс-қимылды жалғастыруға дайындығын растады.