Анкарада «Ақ ләйлек» қойылымы көрсетілді.

Анкарада «Ақ ләйлек» қойылымы көрсетілді.

Анкара, 2024 жылғы 17 мамыр - Түркияның астанасында ТҮРКСОЙ, Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Елшілігінің қолдауымен Н. Бекежанов атындағы Қызылорда мемлекеттік қазақ академиялық драма театры С.Раевтың драмасы бойынша сахналаған «Ақ ләйлек» қойылымы сәтті өтті.

Анкара тұрғындары, қала әкімдігі, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық қоғамдастық өкілдері қазақстандық әртістердің шеберлігін жоғары бағалады.