Анкара, 2024 жылғы 8-9 мамыр – Анкарада 9-мамыр Жеңіс күніне орай ТМД елдері Елшіліктерінің ұйымдастыруымен спорттық спартакиада өтті.
Іс-шарада Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзербайжан мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдері өзара футбол, волейбол, үстел теннисі, үлкен теннис, бильярд секілді спорт түрлерінен жарысты.
Сондай-ақ, бағдарлама барысында Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының батырлары ұлықталды. Турнирге қатысушылар мен жанкүйерлерге әр мемлекет өз елінен шыққан батырларын таныстырды. Қонақтарға биыл 100-жылдығы тойланып жатқан халық қаһармандары Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтің батырлығы мен ержүректілігі насихатталып, өмірбаяндары туралы ақпарат берілді.
Екі күнге созылған дода соңында жеңімпаздарға медальдар, алғыс хаттар және сыйлықтар табысталды.