Қазақстан Елшісі жаңа Бас хатшы К.Омуралиевті құттықтады

Қазақстан Елшісі жаңа Бас хатшы  К.Омуралиевті құттықтады

       Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сапиев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) жаңадан тағайындалған Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевті Ыстанбұлдағы ұйымның Хатшылығында құттықтады.

      Кездесу барысында Елші Е.Сәпиев Анкарада бірге қызмет атқарған кезеңдегі ынтымақтастыққа сілтеме жасай отырып, алдағы уақтытта да бұл жемісті ынтымақтастықтың жалғасатынына сенімін білдірді.

      Қазақстан Елшісі кездесу соңында жаңадан тағайындалған Бас хатшыға Түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық пен интеграциялық күш-жігерге жаңа серпін беруді тіледі.