Президенттік сайлау өткiзу туралы

Президенттік сайлау өткiзу туралы

Құрметті отандастар!

2022 жылғы 20 қарашада (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауында Түркияда жүрген Қазақстан азаматтары  келесі үш сайлау учаскеде өз дауысын бере алады.

 Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі, № 286- сайлау учаскесінің мекен-жайы: Анкара қ.Оран ықшам ауданы, Кылыч Али көш. № 6.

 Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы, № 255 сайлау учаскесінің, мекен-жайы: Йешилюрт ауданы, Башак көш. 35, Бакыркөй, Ыстанбұл

 Қазақстан Республикасының Анталья қаласындағы консулдығы, 296-шы сайлау учаскесінің, мекен-жайы: Анталья қаласы, Муратпаша ауданы, Чағлаян шағын ауданы, 2074 көшесі, No16, С блогы, Лайф Сити ситесі.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азамат Түркияда тұрақты немесе уақытша тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты/жеке куәлігі бар барлық азаматтар өз дауысын бұл учаскелерде қолдана алады.

Сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде сіздің деректеріңіздің болуы осы құқықты іске асырудың кепілі болып табылады.

Құрметті азаматтар!

Сайлауға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу үшін Түркия Республикасы аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, Түркияда тұратын мекенжайы, байланыс деректері) ankara@mfa.kz немесе kzankarakonsolos@gmail.com электрондық мекенжайға «Сайлау-2022» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Сайлау күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс. Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында табуға болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз:

+90(312) 491 91 00 Анкара

+90(212) 662 53 47 Ыстанбұл

+90(242) 324 26 11 Анталья