Қазақстанның Елшісі Түркияның Ішкі істер министрі Сулейман Сойлумен кездесті

Қазақстанның Елшісі Түркияның Ішкі істер министрі Сулейман Сойлумен кездесті

      Ү.ж. 9 қарашада Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның Ішкі Істер министрі Сулейман Сойлумен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелер сөз болды.

Министр С.Сойлу Қазақстан мен Түркия арасындағы құқық қорғау органдарындарының ынтымақтастығын жандандыруда қазақстандық полиция және Ұлттық ұлан әскери қызметкерлерінің білімін жетілдіру курстарына және жоғары оқу орындарына қабылдауға дайын екендіктерін жеткізді.

Елші Е.Сәпиев екі жақты ынтымақтастықтың дамуына ерекше мән бере келе, студенттермен қоса алғанда келуші қазақстандықтардың санынның жыл сайын артып жатқанын айтып, Түркия аумағында жүріп-тұруында қажетті құжаттардың рәсімделуінде қолғабыс көрсетілуін сұрады.

Кездесу соңында Қазақстан мен  Түркия арасындағы құқық қорғау органдарындары арасындағы өзара ынтымақтастық әрі қарай дами беретіндігіне өзара сенім білдірді.