Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа қойылатын талаптар туралы

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа қойылатын талаптар туралы

Кандидат тумысынан Республика азаматы болып табылатын;

Қырық жасқа толған;

Мемлекеттік тілді еркін меңгерген;

Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын;

Жоғары білімі бар;

Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын  жұмыс тәжірибесі бар;

Белсенді сайлау құқығына ие азамат болуы тиіс.

Кандидаттарды республикалық қоғамдық бiрлестiктер ұсынады.

Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 11 қазан сағат 18:00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу 2022 жылғы 21 қазан сағат 18:00-ге дейін.

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы