Түркияда Конституция күні мен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күні аталып өтті

Түркияда Конституция күні мен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күні аталып өтті

2022 жылдың 29-тамызында Анкарадағы Қазақстан Елшілігінің ұйымдастырумен Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың  30-жылдығы шеңберінде 30 тамыз - Конституция күні және 29 тамыз - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күнге арналған ауқымды іс-шара өтті.

          Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов,   Қорғаныс министрінің кеңесшісі Әлішер Сүлейменов, Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия және Кавказ Бас директоратының Департамент басшысы Шенер Жебеджи, Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасы Мұхиттин Шимшек, Орта Шығыс Техникалық университетінің оқытушысы, Сыртқы саясат интитутының директоры Проф.док.Хусейн Бағжы, YDA Holding Басқарма мүшесі Жүнейт Арслан,  ASELSAN қаржылық мәселелер жөніндегі Басқарма орынбасары Мехмет Фатих Гүчлү, «Yildizlar SSS Holding CEO» Басқарма төрағасының орынбасары док.Фетхи Ағалар, шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері және қазақстандықтар қатысты.

       Атаулы іс-шарада алғашқы сөзді алған Елші Е.Сәпиев қатысушыларды    30-тамыз Конституция күнімен құттықтап, Ата Заңымыз тұрақтылық пен бейбітшіліктің тірегі болып табылатынын, 27 жылда Қазақстан Конституцияның заңдарын басшылыққа алып, үлкен белестерден өткенін, биыл Ата-заңымызға ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ұсынысымен толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, жалпыхалықтық референдумда көпшілік дауыспен қабылданғанына тоқталы. Елші өзінің сөзінде Қазақстан – әлемдік аренада беделді де абыройлы мемлекет екенін және 2050 жылға дейінгі кезеңге әзірленген стратегиялық бағдарлама негізінде әлемдегі ең алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдің бірі болуды мақсат етіп қойғанын атап өтті.

          Сонымен қатар, Елші бүгін 29 тамыз - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күнді 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылғанын еске алу үшін Қазақстан ұсынғанын, достас Түркия Республикасы оған қолдау көрсеткенін баяндады. Біріккен Ұлттар ұйымының шешімі бойынша, 2009 жылдан бастап жыл сайын 29-тамыз «Ядролық қаруды сынауға қарсы күрес күні» ретінде аталып өтетінін, бұл қазақстандық дипломатияның маңызды жетістігі ретінде бағаланатынын білдірді. Елші сөзінің соңында Византия әскеріне қарсы күресіп, аңыз болған Малазгирт жеңісінің 951 жылдығымен және Түрік ұлтының ұлттық күрес кезіндегі Ұлы жеңіс күнімен және Мұстафа Кемал Ататүрік пен ұлы түрік әскерлерінің жеңісінің 100 жылдығымен түрік тыңдармандарын құттықтады. Сондай-ақ, бауырлас түрік халқын 30 тамызда аталып өтілетін Жеңіс күнімен құттықтады.

            Келесі сөзді алған Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасы Мұхиттин Шимшек қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтап, биылғы өткен референдумда конституцияға енгізілген өзгерістер пен толықтырулар қазақ халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше әсер ететінін атап өтті.

        Орта Шығыс Техникалық университетінің оқытушысы, Сыртқы саясат интитутының директоры Проф.док.Хусейн Бағжы Қазақстанның көпжақты дипломатиясына жоғары баға берді және халықаралық ұйымдардағы сыйлы рөліне тоқталды. Сондай-ақ, Х.Бағжы Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасындағы бітімгерлігі мен Түркі әлеміндегі белсенділігіне назар аударды.

        Түркия Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия және Кавказ Бас директоратының Департамент басшысы Шенер Жебеджи Қазақстанмен ынтымақтастық белсенді түрде Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі, Үкіметаралық экономикалық комиссия мен Стратегиялық жоспарлау жөніндегі бірлескен топтың отырысы шеңберінде жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

          Басқосуға қатысқан іс адамдары Жүнейт Арслан, Мехмет Фатих Гүчлү және док.Фетхи Ағалар Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың  30-жылдығы шеңберінде Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-саттық және инвестициялық ынтымақтастық жоғары деңгейге екенін атап өтіп, Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар екі мемлекет арасындағы жан-жақты байланыстарды әрі қарай дамыта түсетініне сенімдерін білдірді. Әлемде қорғаныс өндірісі және қорғаныс саласы елдердің тәуелсіздігі үшін ең қажетті алғышарттардың бірі болып табылатынын, Қазақстанның бастамасымен жарияланған 29 тамыз «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін» құрмет көрсетіліп, ядролық қарусыздануға қарсы Қазақстанның бастамасына Түркия және іс әлемі қолдау көрсетенін білдірді.

          Қатысушылар ү.ж. 30-тамызда өтетін Түркияның Жеңіс күніне орай құттықтауларын білдірді.

          Іс-шара Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне қарасты этно-фольклорлық «Сарбаздар» ансамблінің концертімен және белгілі халықаралық конкурсант, музыкант Алмас Нұрғожиннің орындауындағы әуендермен жалғасын тапты.

          Концерттік бағдарлама көпшіліктің көңілінен шығып, қазақ өнерпаздарының орындауындағы әндер мен күйлер тыңдармандар тарапынан үлкен қызығушылықпен қабылданды.