Анкарада Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына байланысты кітап тұсаукесері өтті

Анкарада Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына  байланысты кітап тұсаукесері өтті

2022 жылдың 14-шілдесінде Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен және Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен «Көк ту» Қазақ мәдениеті қоғамының қолдауымен Қазақстан Елшілігінде «Алаш» қозғалысының белгілі көсемі, ұлттық ғылымның негізін салушы, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай, Қазақстан және  Ресей Суретшілер одағының мүшесі, Үздік «Педагог – 2021» жылының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігіне қарасты Қазақ Экономика Консалтинг Университетінің профессоры және «Бабалар аманаты» Халықаралық жобасының авторы Қанағат Қалиұлы Кодековтың Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына орай басылып шыққан кітабының 4-ші томының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Е.О.Сәпиев, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен «Көк ту» Қазақ мәдениеті қоғамының өкілдері, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төралқа мүшесі, «Қазақ елі» журналының Бас редакторы Серкан Динчтүрк, Анкарадағы зиялы қауым өкілдері, Анкараның университеттерінде білім алып жүрген қазақ-түрік докторанттары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған жиында алғаш сөзді алған Елші Е. Сәпиев биыл «Ұлт ұстазы» Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай, Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен бірнеше конференциялар, дөңгелек үстел және көрме ұйымдастырылғанын атап өтіп, А.Байтұрсынұлы – 20 ғасыр басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілі болып табылатынын және оның қазақ халқының тәуелсіздікке қол жеткізіп, мәдениеті мен өркениеті дамыған заманауи елдердің қатарынан орын алу мақсатында жүргізген күресі мен еңбектеріне қысқаша тоқталып өтті.

Сөзінің соңында Елші Қазақстан және  Ресей Суретшілер одағының мүшесі, Үздік «Педагог – 2021» жылының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігіне қарасты Қазақ Экономика Консалтинг Университетінің профессоры және «Бабалар аманаты» Халықаралық жобасының авторы Қанағат Қалиұлы Кодеков Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына орай, басылып шыққан кітабының 4-ші томының тұсаукесері өтетінін хабарлады.

Келесі сөзді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төралқа мүшесі, «Қазақ елі» журналының Бас редакторы Серкан Динчтүрк алып, ол өзінің сөзінде бүгінгі басқосуда белгілі суретші Қанағат Қалиұлы «Бабалар аманаты» атты кітабы, өзінің атынан белгілі болғандай ата-бабаларымыздың ұрпақтарына қалдырған мұраларын келешек ұрпаққа жеткізуде, танытудағы суретшінің атқарып отырған зор еңбегіне ризашылығын білдірді.

Отырыс соңында сөз алған суретші Қ.Қ. Кодеков «Бабалар аманаты» ұлттық жобасына тоқтала келе, аталған жобада кәсіби және кәсіпқой суретшілердің еңбектерінің жинағынан құралған өзінің кезекті туындыны - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық құрметіне арналғанын және мұндай туындылар жас буынды тарихқа баулып, отансүйгіштікке жетелейтінін атап өтті.

Жиын соңында Елші Е.Сәпиев Қ.Қ. Кодековті Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады.