Түркияда Қазақстанның туы көтеріліп, әнұраны шырқалды

Түркияда Қазақстанның туы көтеріліп, әнұраны шырқалды

4-ші маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, Анкарада Қазақстан Республикасының Елшілік ғимаратында Ту көтеру рәсімі ұйымдастырылды.

Салтанатты шара барысында: «Елтаңба, Ту, Әнұран -Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының жарқын көрінісі. Тарихи болмысымызды айқындайтын, бүгінгі жетістіктерімізді көрсететін, жарқын болашаққа деген үмітімізді нығайта түсетін мемлекеттік рәміздерді қадірлену керек», - деген Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Е.Сапиев, мемлекеттік рәміздердің ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды.

Дипломатиялық құрам, елшілік қызметкерлері мен отбасы мүшелері, Түркияда әскери оқу орындарында білім алып жүрген курсанттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасының туы көтеріліп, әнұраны шырқалды.