«Қазақстан-Түркия» парламентаралық достық тобының кездесуі өтті

«Қазақстан-Түркия» парламентаралық достық тобының кездесуі өтті
Ү.ж 15 маусымда ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің хатшысы, достық тобының төрағасы Мұхтар Ерман және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) Шанлыурфа провициясының депутаты Мехмет Али Жевхеридің төрағалықтарында «Қазақстан-Түркия» парламентаралық достық тобының онлайн кездесуі өтті.
 
Іс-шараға достық тобының мүшелері, әрі ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшелері Ә.Сапарова, А.Хамедов, Ғ.Құлахметов, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі А.Әбілдаев, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ғ.Ташқараев, ТҰҰМ Кахраманмараш депутаты И.Кылыч, Ван депутаты И.Картал, Сакария депутаты Ч.Ердоған Атабек, Балыкесир депутаты Ф.Шахин, Анталия депутаты Р.Зейбек, Маниса депутаты Е.Акчай, Аксарай депутаты А.Ерел және ҚР Түркиядағы Елшісі А.Сапарбекұлы мен ТР Қазақстандағы Елшісі У.Екиджи қатысты.
 
Онлайн форматта ұйымдастырылған кездесуде Қазақстан мен Түркия арасындағы парламентаралық, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және қауіпсіздік мәселелерді талқыланды.
«Қазақстан-Түркия» достық тобы төрағасы М.Ерман ү.ж. Түркістан қаласында Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының
10-шы отырысы өткізілуі жоспарланғанын жеткізді. Сондай-ақ ТҰҰМ Төрағасы М.Шентоптың Қазақстанға ресми сапары ұйымдастыру мәселесі екі парламенттің күнтәртібінде қарастырылып жатқанын атап өтті.
 
Өзінің сөзін ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30-жыл мерейтойымен құттықтаумен бастаған «Түркия-Қазақстан» достық тобы төрағасы М.А.Жевхери, Түркия мен Қазақстан арасындағы бауылас, стратегиялық ынтымақтастықтын қалыптасуында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың үлесі зор екендігін ерекше атап өтті. М.А.Жевхери екі ел қатынастары бүгінгі таңда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев пен ТР Президенті Р.Т.Ердоғанның көшбасшылығымен жемісті жалғасып жатқанын астын сызды.
 
Сонымен қатар аталған іс-шарада Қазақстан Халық Ассамблеясының депутаты А.Хамедов, ТҰҰМ депутаттары А.Ерел, И.Кылыч, И.Картал және Ч.Атабек кездесу тақырыбы бойынша өз пікірлерін ортаға салды.
Кездесу ҚР Парламенті Мәжілісінің бастамасымен және ҚР Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен өтті.