Қазақстанның Түркиядағы Елшісі түрік журналисттерімен бас қосты

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі түрік журналисттерімен бас қосты
2021 жылы 10 маусымда Қазақстанның Анкарадағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы «Қазақстанның пандемиядан кейінгі мақсаттары және Түркия-Қазақстан қатынастары» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді. Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жыл толатынын мәлімдеген Елші А.Сапарбекұлы Қазақстанның осы 30 жылдағы жетістіктеріне тоқталып өтті. Елші өзінің сөзінде Ұлы Дала елінің бейбітшілік пен тыныштықтың мекеніне айналғанын және Қазақстанның халықаралық саясатта беделді ел деңгейіне жеткенін атап өтті. 1993 жылы 23 миллиард АҚШ долларын құраған Қазақстанның ЖІӨ 2020 жылы 180 миллиард АҚШ долларына жеткенін атап өткен А.Сапарбекұлы Қазақстанның экономикасы әлемде 41-орында тұрғанын мәлімдеді.
 
2019 жылғы 9 маусымда өткен сайлауда Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті болып сайланғанын еске салған Елші осы екі жылда Президент Қ.К.Тоқаевтың енгізген жаңалықтары мен жүргізіп отырған реформалары туралы ақпарат берді. А.Сапарбекұлы Қ.К.Тоқаев ұсынған «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес құрылған «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің» бастамаларымен қабылданған жаңа заңдар туралы ақпаратпен бөлісті және бұл заңдардың елдің демократиялану үрдісін күшейтетініне назар аударды. Тоқаевтың дағдарыстық менеджментіне сілтеме жасай отырып, Сапарбекұлы «Пандемия кезеңінде қабылданған шешімдер Қазақстанға індеттен аз зиянмен шығуға мүмкіндік берді» деп мәлімдеді.
 
Қазақстан-Түркия қатынастары туралы айта отырып, Елші «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтіп жатқанда, Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған бауырлас Түркияға деген ризашылығымызды ешқашан ұмытпайтындығымыз айтқым келеді» деді. Абзал Сапарбекұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезеңінде қалыптасқан қатынастардың ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезеңінде де сол қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Болашақ мақсаттарға қатысты Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда және инвестициялық ынтымақтастықтың қарқын алғанына назар аударды.
 
Кездесуден кейін Қазақстан мен Түркия арасындағы қосқан үлестері үшін түрік БАҚ өкілдеріне ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың алғыс хаттары табысталды. Атап айтқанда, «Cumhuriyet» газетінің Анкара өкілі Сертач Эш, Еуразия Жазушылар Одағы Президенті Якуп Өмероғлу, «İLESAM»журналы басшысы Мехмет Нури Пармаксыз, ТРТ Аваз жаңалықтарының директоры Эрден Караоглу, Анадолы агенттігінің шетелдік жаңалықтар редакторы Фарук Токат, «Әлем» газетінің тілшісі Ешим Ардыч, «T and M» журналының редакторы Мұхаммед Рузубай, «Түркия» газетінің колумнисті Мерием Айбике Синан, «Önce Vatan» газетінің жаңалықтар жөніндегі директоры Кемал Саллы, «Cumhuriyet» газетінің шолушысы Мұстафа Балбай, Қазақстан-Түркия достығы қауымдастығының президенті Фейзулла Будак, «Ana Yurt» газетінің шолушысы Орхан Селен, «Қазақстан» Ұлттық арнасыныңТүркиядағы тілшісі Айдос Нығыманов және «Хабар 24» арнасының тілшісі Меруерт Памбетова алғыс хаттармен марапатталды.