Сауда-саттықты күшейту бағытындағы бетпе-бет нысандағы кездесулер жаңартылуда

Сауда-саттықты күшейту бағытындағы бетпе-бет нысандағы кездесулер жаңартылуда

Анкара: ү.ж. 1 маусымда Қазақстан Республикасындағы Сауда және интеграция министрі Бахыт Сұлтанов өзінің жаңа тағайындалған түрік әріптесі Түркия Республикасының Сауда министрі Мехмет Мушпен телефон сұхбатын өткізді.

Әңгіме барысында тараптар екі мекеме басшылары арасында сенімді әрі бауырлас сипатта қалыптасқан ынтымақтастықты одан әрі осы нысанда жалғастыру маңыздылығының астын сызды.

Бұдан бөлек екіжақты сауда айналымын арттыру, оның негізі болып табылатын өзара тасымалдау бағытындағы ынтымақтастықты күшейту, сондай-ақ экспортты көбейту аясындағы тәжірибемен алмасу сияқты тақырыптар талқыланды. 

Келіссөздердің қорытындылары бойынша тараптар 2021 ж. жаз мезгілінде ҚР министрі Бахыт Сұлтанов бастаған Қазақстан делегациясының Түркияға келуін мақұлдап, аталған жайттар бойынша жұмыстарды осы іс-сапар барысында жалғастыруға уағдаласты.