Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы және Алматы облысының әкім орынбасары Серік Тұрдалиев жетекшілігіндегі делегацияның жұмыс сапары аясында түрік инвесторларымен бірқатар маңызды кездесулер өткізді

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы және Алматы облысының әкім орынбасары Серік Тұрдалиев жетекшілігіндегі делегацияның  жұмыс сапары аясында түрік инвесторларымен бірқатар маңызды кездесулер өткізді
31 Мамыр – 6 Маусым аралығындағы кездесу барысында түрік компанияларымен Алматы облысының инвестиция мүмкүндіктері тілге тиек болды.
 
Елшіліктің бастамасымен Алматы облысының делегациясы Түркияның ең жетекші индустриалдық аймағы болып табылатын "Гебзе" өнеркәсіптік аумағының тәжірибесімен танысып, Қазақстанда түркиялық тараптың жетістіктерің қолдану меxанизмдерін талқылады.
 
Сонымен қатар Ыстанбұл қаласында «Agrobest Group, «Iskefe Holding», «İşıklar Holding», «Vemaksan», «LC Waikiki» сияқты түрік холдинг пен компания өкілдерімен кездесті.
 
Гебзе Ұйымдастырылған Өндірістік Аймағы (ГҰӨА) басқарушы Вахит Йылдырыммен кездескеннен кейін “Iskefe Holding” желатин өндірісінің мамандандырылған басқарма төраға Ахмет Алкочпен кездесу ұйымдастырылды.
 
«Agrobest Group» басшылығымен кездесу барысында, Алматы облысында өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру мүмкүндіктері талқыланды.
 
«Vemaksan» компаниясының бас директоры Халит Исламоглумен кездесуде Алматы қаласында минералды су және тұрмыстық химия өндірісі салу туралы жоспарлары әңгімеге арқау болды.
 
Қазақстандық делегация «İşıklar Holding» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Волкан Гиришкенмен кездесу барысында Қазақстанда қағаз қаптар өндірісіндегі бірлескен кәсіпорын құрылысының пайдасы қарастырылды.
 
Соңғы кездесуде «LC Waikiki» өкілi Айкут Кучукпен жұмыс кешкі асы ұйымдастырылды. өнеркәсіп пен логистика салаларындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
 
Аталған кездесулерге Елші Абзал Сапарбекұлы және ҚР Алматы облысының әкім орынбасары Серік Тұрдалиев бастаған делегация тобы қатысты.