Қазақстанның Түркиядағы Елшісінің ақпанның екінші жартысындағы кездесулері

Қазақстанның Түркиядағы Елшісінің ақпанның екінші жартысындағы кездесулері
Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы ақпан айының соңғы екі аптасында «Түрік Қызылай» ұйымының Ыстамбұл филиалының басшысы Илхами Йылдырым, «USHAS» компаниясының басқарма төрағасы Кенан Шахин және бас директоры Мехмет Али Кылычкая, «Fırat Tekstil» компаниясының басшысы Фехми Каплан, «MAK Danışmanlık» компаниясының директоры Мехмет Али Кулут, «Profilo» Холдингінің Анкарадағы өкілі Тамер Хан, «TUMAD» компаниясы Бас директорының орынбасары Хакан Аслан, «Konuklar Bakliyat» компаниясының иесі Нури Конук, «Kadoğlu Şirketler Grubu» компаниясының басқарма төрағасы Тахир Кадооглу, БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмысты ұйымдастыру жөніндегі таяушығыстық агенттігінің (UNRWA) Түркиядағы өкілі Мехмет Көсе және «Küsmüş Tarım» (TOO Sudenaz») басшысы Фатих Кюсмюшпен жеке жеке кездесулер өткізді.
Кәсіпкерлермен өткен кездесуде Қазақстанның экономикасы, инвестициялық тартымдылығы, экспорттық әлеуеті жан-жақты тілге тиек болды.
Konuklar Bakliyat компаниясының басшылығымен елімізде майлы дақылдарды өңдеу зауытының құрылысына инвестиция құю мүмкіндігі егжей тегжейлі талқыланды. Кездесу нәтижесінде әлеуетті инвестордың Қазақстанға сапарын ұйымдастыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
«Kadoğlu Şirketler Grubu» Басқарма төрағасымен Қазақстанда органикалық майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытының құрылысы тілге тиек болды. Жобаны іске асырудың ықтимал жолдарын талқылау мақсатында еліміздің жауапты мекемелері және органикалық егіншілік қауымдастығымен бейнекездесу өткізу мүмкіндігі қарастырылды.
«Küsmüş Tarım» (TOO Sudenaz») басшысы Ф.Кюсмюшпен Шымкент қаласында күнбағыс тұқымын қайта өңдеу бойынша қолданыстағы жобаның ағымдағы жағдайы талқыланды.
«TUMAD» компаниясы өкілімен еліміздегі тау-кен жобаларына инвестиция құю және «Nurol Holding» өкілдерінің Қазақстанға сапармен бару мәселелеріне тоқталды.