Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы және Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркия Республикасының Ұлттық Білім Министрі Зия Селчукпен кездесті.

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы және Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркия Республикасының Ұлттық Білім Министрі Зия Селчукпен кездесті.
Кездесуде Халықаралық Түркі Академиясының Түркі тілдес халықтардың ұлы мәдени-тарихи мұрасы мен құндылықтары халықаралық кеңістікте танытудағы айрықша рөліне тоқталды.
Сондай-ақ, екі ел арасындағы және басқа да бауырлас түркі мемлекеттері арасындағы білім, түркі мәдениетіне ортақ ғылыми зерттеулер жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, академияның жұмысы туралы әңгеме қозғалып, алдағы жоспарлар талқыланды.
Сонымен қатар, Академия басшысы түркі әлеміне ортақ зерттеулерді жүзеге асыру туралы сөз қозғады. Д. Қыдырәлі Түркі мемлекеттерінің тәуелсіздіктерінің 30-жылдық мерейтойларына орай түркі халықтары ғалымдарының өзара тәжірибе алмасуы және конференциялар ұйымдастырылуы тілге тиек болды.
Қазақстан Елшісі А. Сапарбекұлы екі елдің білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолында бірқатар мәселелерді екі жақты сапарлар барысында нәтижелендіру бойынша пікір алмасты.