Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркия Республикасының Сыртқы істері министрінің орынбасары Явуз Селим Кыранмен кездесті.

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркия Республикасының Сыртқы істері министрінің орынбасары Явуз Селим Кыранмен кездесті.
Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда мәдени-гуманитарлық, диаспора, шетелдегі имиджді насихаттау, консулдық мәселелерге айрықша тоқталды.
Сондай-ақ, алдағы уақытты онлайн форматта өтетін Үкіметаралық экономикалық комиссияның күн тәртібі тілге тиек болды.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы тәуелсіздінігің 30-жылдығына орай өткізілуі жоспарланған шаралар талқыға салынды.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркия арасындағы екі жақтағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығы аталып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды. Әсіресе, ҚР мен ТР арасында дипломатиялық жоғары оқу орындарымен (академиясы) тәжірибе алмасу. Қазақстандық жас дипломаттарды ТР ЖОО практика, стажировкаға жіберу мүмкіндіктері, ҚР азаматтарына қатысты консулдық мәселелер, саяси және тағы басқа салалар жөнінде өзара тиімді тетіктер талқыланды.