Қазақстан Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы ТҮРКСОЙ-ға киіз үй тарту етті

Қазақстан Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы ТҮРКСОЙ-ға  киіз үй тарту етті

Анкара, 2025 жылғы 14 қазан – Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы, Республика күні және «Ақтау – 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында Қазақстанның атынан түркі әлемі мәдениетінің қара шаңырағы Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы ТҮРКСОЙ-ға тарту етілген қазақтың киіз үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Т.А.Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Ә.Ж.Байпақов, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Н.Т.Сали, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы С.Раев, Анкара Губернаторы В.Шахин, Әділет және даму партяисы төрағасының Түркі мемлекеттерімен байланыстар бойынша орынбасары К.Зорлу, Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары С.Чам, Түркия Сыртқы істер министрі өкілдері, Түркі мемлекеттерінің Елшілері, дипломтаиялық корпус пен мәдениет өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қазақстандық делегация қасиетті киіз үйдің сыйға тартылуы бүкіл түркі мемлекеттерінің бір шаңырақ астында бірлік пен ынтымақтастықта болсын деген ниет екенін айтты.

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Е.Сәпиев Қазақстан ТҮРКСОЙ ұйымының құрушы елдердің бірі ретінде түркі әлемінің мәдени ынтымақтастыына ерекше мән беретінін жеткізді.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Қазақстанға бұл керемет сый-құрметі үшін алғыс білдіріп, «Ақтау – 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында өткен 30-ға жуық ірі іс-шараларды жоғары бағалады.

Іс-шара барысында қонақтар Қазақстанның туристтік жерлеріне арналған көрмені аралап, қазақтың дастарханынан дәм татты.