Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі  Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Анкара, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Елші Еркебұлан Сәпиев Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің басшысы («TIKA») Абдулла Еренмен кездесті.

Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланып, өзара
іс-қимылды одан әрі кеңейту бойынша нақты қадамдар белгіленді.

А.Ерен «TIKA»-ның атқарып жатқан қызметтері, оның ішінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырып, «TIKA»-ның «KazAid» халықаралық даму агенттігімен ортақ жобалар жүзеге асыруға ниетін білдірді.

Өз кезегінде, Елші Е.Сәпиев «TIKA»-ның еліміздегі белсенді қызметін атап өтіп, ғылым, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жобалардың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия үшінші елдерде бірлескен жұмыстарды жүргізу мүмкіндіктеріне назар аударды.

Тараптар талқыланған бағыттар бойынша ортақтасқан жұмысты жүйелі негізде жалғастыруға уағдаласты.