Қазақстан Тұрақты өкілі ТМҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын табыстады

Қазақстан Тұрақты өкілі ТМҰ Бас хатшысына  сенім грамоталарын табыстады

Ыстанбұл, 2025 жылғы 16 шілде – Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) жанындағы Тұрақты өкілі Еркебұлан Сәпиев Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевке өз сенім грамоталарын табыс етті.

Кездесу барысында Е.Сәпиев Қазақстанның ТМҰ-мен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ниетті екенін білдіріп, түркі әлеміндегі бірлік пен өзара тиімді әріптестікті нығайтуға тұрақты үлес қосуға дайын екенін атап өтті.

ТМҰ Бас хатшысы К.Омуралиев Қазақстан тарапына алғашқы болып Тұрақты өкіл тағайындағаны үшін ризашылығын білдіріп, Тұрақты өкілдер ұйымның институционалдық дамуына серпін беретінін сенім білдірді.

Кездесу соңында тараптар ортақ құндылықтар мен стратегиялық мүдделерге негізделген түркі елдерінің ынтымақтастығын нығайту жолында бірлесе жұмыс істеуге ниетті екендерін растады.