Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан қойылады (апостиль) қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады.
Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.
2001 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 545 қаулысына сәйкес, апостиль қою бойынша өкілеттікке ие ұйымдар ретінде мына мемлекеттік органдар белгіленді:
Консулдық легализация немесе апостиль керек екенін қалай білуге болады?
Егер ел 1961 жылғы Гаага конвенциясының қатысушысы болып табылса –"апостиль" мөртабаны қажет. Немесе – консулдық заңдастыру қажет.
Шынайы ақпарат көзі болып заңдастырылған құжат ұсынылатын ұйым табылады, себебі бір мемлекет шеңберінде түрлі органдар шетел құжаттарын заңдастыруға түрлі талаптар қояды. Сондықтан заңдастырылған құжат тапсырылатын органда заңдастыру түріне қойылатын талаптарды нақтылау қажет.
Апостиль дегеніміз не?
«Апостиль» мөртабанын қою (кейде бұл рәсімді «жеңілдетілген заңдастыру» немесе «апостильдеу» деп аталады) 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде – «апостиль» мөртабанын қою қолданылады.
Бір жағынан апостильдеу мейлінше жылдам және оны тек қана бір өкілетті орган қоюына, ал екінші жағынан құжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық елдердің аумағында заңды күшіне ие болуына байланысты жеңілдетілген деп аталады.
Егер сіз құжатты дайындаған ел Гаага конвенциясына қатыспаса, оны консулдық заңдастыру қаже болады. Бұл айтарлықтай күрделі рәсім, ол құжатты ҚР Әділет министрлігінде, ҚР СІМ органдарында, бұдан кейін ҚР баратын елдің консулдылығында куәландыруды талап етеді. Бұл жерде құжат консулдық белгілісі бар елдің аумағында ғана заңды күшіне ие болады.
Сондай-ақ заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар. Бұл негізінен коммерциялық құжаттарға қатысты: шарттар, инвойстар, коносаменттер, түрлі тауарды таратушы құжаттар және сыртқы экономикалық қызметке байланысты өзге құжаттар, олар үшін жекелеген рәсім бар – құжат ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасында (жуырда Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының құрамына кірді), бұдан кейін баратын елдің консулдығында заңдастырылады.
1961 жылғы Гаага конвенциясына сәйкес қабырғалары апостиль 9 см кем емес шаршы нысанына ие және Конвенцияға қоса берілген үлгіге сәйкес келуі тиіс.
Апостильдің мәтіні келесі деректемелерден тұрады:
Апостиль Конвенцияның ресми тілдерінің (француз немесе ағылшын) біреуінде, сондай-ақ апостиль қойған мемлекеттің ұлттық тілінде қойылуы мүмкін. Іс жүзінде көп жағдайда апостильде екі тіл (Конвенция тілдерінің біреуі және ұлттық тіл) қосарланып беріледі.
«Apostille» (Convention de la Haye du 5 octobre 1961) тақырыбы француз тілінде берілуі тиіс.
Конвенцияға сәйкес апостиль құжаттың өзінде немесе құжатпен қоса берілетін жекелеген парақта қойылады.
Іс жүзінде түрлі мемлекеттерде апостиль қоюдың түрлі тәсілдері пайдаланылады: резеңке мөртабан, желі, (түрлі-түсті) ленталар, сүргіш мөрі, бедерлі мөр, жапсырма стикерлер және т.б., сондай-ақ құжатқа қосымша ретінде, яғни желі, бекіткіш шығыршықтар, скрепкалар түрінде беріледі.
Апостиль қоюға қажетті құжаттар тізімі:
1) жеке тұлғалар үшін:
- еркін нысандағы өтініш;
- көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
- апостиль қоюға арналған құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (35 АҚШ доллары).
2) заңды тұлғалар үшін:
- еркін нысандағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы ұсына алады);
- көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттары (түпнұсқасы және көшірмесі);
- апостиль қоюға арналған құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
- көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі келе алмайтын болса, көрсетілетін қызметті алушының атынан әрекет ету өкілеттігін растайтын нотариалдық құжат;
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (35 АҚШ доллары).
«Апостиль» белгісін қоятын Гаага конвенциясына кірген мемлекеттердің мәртебесін заңдастыруды тоқтату және заңдастыруды жеңілдетуі туралы тізім:
Австралия Австрия Әзірбайжан Албания Андорра Антигуа и Барбуда Аргентина Армения Аруба (Нид.) Багам аралдары Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бельгия Бермуд аралдары (Брит.) Болгария Босния и Герцеговина Ботсвана Британдық Антарктикалық аумақ (Брит.) Британдық Виргин аралдары (Брит.) Бруней Дарусалам Бурунди Вануату Ұлыбритания және өзіне бағынатын аумақ Венгрия Венисуэла Виргин аралдары (АҚШ) Шығыс Самоа (АҚШ) Гваделупа (Фр.) Гвиана (Фр.) Германия Гернси (Брит.) Гибралтар (Брит.) Гондурас Гонконг (Қытайдың Сянган ерекше әкімш. ауд.) Гренада Греция Грузия Гуам (АҚШ) Дания Джерси (Брит.) Доминика Доминикан Республикасы Израиль Индия Ирландия Исландия Испания Италия Кабо-Верде Қазақстан Республикасы Кипр Қырғызстан Колумбия Корея Республикасы Косово Коста-Рика Латвия Лесото Либерия Литва Лихтенштейн Люксембург Маврикий Майотта Макао (Қытайдың Аомынь ерекше әкімш. ауд.) Македония Малави Мальта |
Маршаллов аралдары Мексика Молдова Монако Моңғолия Монтсеррат (Брит.) Морокко Мэн аралы (Брит.) Намибия Нидерландық Антиль аралдары (Нид.) Нидерланды Никарагуа Ниуэ Жаңа Зеландия Жаңа Каледония (Фр.) Норвегия Оман Кук аралдары Панама Парагвай Перу Польша Португалия Пуэрто-Рико Реюньон (Фр.) Ресей Федерациясы Румыния Сальвадор Самоа Сан-Марино Сан-Томе және Принсипи Свазиленд Әул.Елена аралы (Брит.) Солтүстік Мариан аралдары (АҚШ) Сейшель аралдары Сен-Пьер и Микелон (Фр.) Сент-Винсент және Гренадин Сент-Китс және Невис Сент-Люсия Сербия Словакия Словения АҚШ Суринам Тәжікстан Тонго Тринидад и Тобаго Түркия Тюркс және Кайкос (Брит.) Өзбекстан Украина Уоллис және Футуна (Фр.) Уругвай Фиджи Финляндия Фолкленд (Мальвин) аралдары (Брит.) Франция Француз Полинезиясы (Фр.) Хорватия Черногория Чехия Швейцария Швеция Эквадор Эстония Оңтүстік Африка Жапония |