Амманда цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Амманда цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Амман, 2025 жылғы 7 сәуір – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иорданияның Цифрлық экономика және кәсіпкерлік министрі Сами Смейратпен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар ақпараттық-коммуникация саласындағы ағымдағы өзара іс-қимылды, атап айтқанда, электрондық үкімет аясындағы ынтымақтастық мүмкіндігін, тәжірибе алмасу перспективаларын және екі ел делегацияларының өзара сапарларын жүзеге асыруды талқылады.

Тараптар Қазақстан мен Иорданияның уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын әрі қарай жандандыруға мүмкіндік беретін Ақпараттық-коммуникация саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға үстіміздегі жылғы ақпан айында Амман қаласында қол қойылуын қанағаттанушылықпен атап өтті.   

Елші иордан IТ-кәсіпкерлері мен осы саладағы тиісті инвесторлардың ү.ж. 26-27 тамызда елімізде өтетін Қазақстан-Иордания Бизнес-форумына қатысуының орындылығы жөнінде пікір білдірді. Сонымен қатар, С.Смейратқа ү.ж. 29-30 мамырда Астана қаласында ұйымдастырылатын Астана халықаралық форумына (AIF-2025) шақыру табыс етілді. 

Иорданияның Цифрлық экономика және кәсіпкерлік министрі шақыруды ризашылықпен қабыл алды және Қазақстанмен әрі қарай ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.