Иордания Сенатының Төрағасы Қазақстанда өткен сайлауды жоғары бағалады

Иордания Сенатының Төрағасы Қазақстанда өткен сайлауды жоғары бағалады

         2022 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстанның Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың ИХК Парламенті Сенатының Төрағасы Фейсал әл-Файезбен кездесуі өтті.

          Елші Фейсал әл-Фаизді ИХК Парламенті Сенатының Төрағасы қызметіне қайта сайлануымен құттықтап, оған Қазақстан Сенатының Төрағасы М.Әшімбаевтың құттықтау хатын табыс етті.

          Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Иордания арасындағы екіжақты ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы туралы пікір алмасты.

          Елші әңгімелесушіні ү.ж. 20 қарашада Қазақстанда өткен президенттік сайлаудың қорытындылары және жаңадан сайланған ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев жариялаған ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

          Өз тарапынан, Иордания Сенатының Төрағасы өткен сайлауға жоғары баға беріп, жаңа 7-ті жылдық мерзім Қазақстан Президентіне елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық жүйесін жаңғырту жөніндегі мәлімделген қадамдарды тиімді іске асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.