Амманда Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлау қорытындыларына арналған брифинг өтті

Амманда Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлау қорытындыларына  арналған брифинг өтті

Ү.ж. 24 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындыларын кеңінен жариялау мақсатында Қазақстанның Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматов болу елінің саясаттанушылары, сарапшылары мен журналистері үшін брифинг өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындыларына егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, конституциялық реформаның практикалық іске асырылуы және елде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті, сондай-ақ қойылған бірқатар сұрақтарға жауап бер. Өз кезегінде, иорданиялық БАҚ өкілдері мен сарапшылары Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдық өзгерістерді жоғары бағалады және алдағы өзгерістер Қазақстанды дамудың сапалы деңгейіне шығарады деген үміт білдірді.

Кездесу соңында әртүрлі салалардағы, соның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы пікір алмасылды. Осы тұрғыда, келесі жылы өтетін мерейтой - Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуын мерекелеуге дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Иордания Премьер-Министрінің орынбасары - ИХК өзін-өзі басқару министрінің медиа-кеңесшісі Мұхаммед әл-Малкауи «Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» халықаралық байқауына белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.