Қазақстанның Иорданиядағы елшілігі Республика Күнін жалпыұлттық мерекелеу қарсаңында бокстан Қазақстан әйелдер құрамасымен бірлесіп қазақстандықтарды алдағы мерекемен құттықтады

Қазақстанның Иорданиядағы елшілігі Республика Күнін жалпыұлттық мерекелеу қарсаңында бокстан Қазақстан әйелдер құрамасымен бірлесіп қазақстандықтарды алдағы мерекемен құттықтады

Спортшылар 2022 жылдың 30 қазаны мен 13 қарашасы аралығында өтетін бокстан 32-ші Азия чемпионатына қатысу үшін Иордания астанасына келді. Жарыс Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелері бойынша Азия бокс конфедерациясының (ASBC) қолдауымен ұйымдастырылып өткізіледі.

Жарыс қарсаңында Қазақстанның ең мықты боксшылары Аммандағы финалдық жиынға кірісті. Спортшылар Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін жоғары нәтиже көрсетуге дайын.