Қазақстанның Елшісі Айдарбек Тұматовтың ИХК фармацевтикалық кәсіпорындарының басшыларымен кездесуі

Қазақстанның Елшісі Айдарбек Тұматовтың  ИХК фармацевтикалық кәсіпорындарының басшыларымен кездесуі

Ү.ж. 20 қыркүйекте Елшіліктің инвестиция тарту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы аясында Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Тұматов бірқатар жетекші иорданиялық фармацевтикалық компанияларының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанның инвестициялық ахуал мен фармацевтикалық саласының әлеуеті таныстырылды.

Сондай-ақ, жергілікті және сыртқы нарыққа заманауи медициналық өнімдерінің кең түрін өндіретін иорданиялық жетекші кәсіпорындардың бірі «Al-Taqaddom Pharmaceutical Industries» («TQ PHARMA») сапар жасалды.

«TQ PHARMA» бас офисы және өндірістік алаңдарын аралау барысында Қазақстанның фармацевтикалық кешеніне инвестициялаудың практикалық аспектілері, атап айтқанда, мемлекеттік қолдау шаралары, сатып алу-сату шартын жасасу мүмкіндіктері, дәрілік заттарды тіркеу және сертификаттау мәселелері талқыланды.

 «TQ PHARMA» бас директоры Фарук Мурад Қазақстанның кең және қарқынды дамып келе жатқан фармацевтикалық нарығына қызығушылықты атап өтіп, елімізде дәрі-дәрмек өндіру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін зерттеуге дайындығын білдірді