Амманда Қазақстан мен Иордания арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Амманда Қазақстан мен Иордания арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Ү.ж. 18 тамызда ҚР-дың Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматов жаңадан тағайындалған ИХК СІМ Азия және Океания департаментінің директоры Мұхаммад әл-Уиндимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың және елдер арасындағы көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Бұл тұрғыда, АӨСШК мерейтойлық Саммитіне дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысына дайындық барысы қарастырылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалармен таныстырды. Әңгімелесу қорытындылары бойынша Астана мен Амманның екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігі аталып өтті.