ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ XIX ХАТШЫЛЫҒЫ

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ XIX ХАТШЫЛЫҒЫ

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ

Жалпы ақпарат. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі алғаш рет 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен өткізілді.

2003 жылғы 13 ақпанда беделді діни лидерлер мен олардың христиан, ислам, иудаизм және өзге де діни сенім өкілдері қатысқан діндер, мәдениеттер мен өркениеттерді жақындастыруда маңызды рөл атқарған Бейбітшілік және келісім халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде Елбасы Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуге бастама жасады.

Съез өткізу идеясын алғашқылардың бірі болып Елбасының Ватиканға сапары барысында католик шіркеуінің өкілдері қолдады.

Съез атына АҚШ, Ресей, Франция, Италия, Сауд Арабиясы, Египет, Польша, Германия және ірі халықаралық ұйымдардың басшылары өз құттықтауларын жолдағандығы Қазақстанның жаңа бастамаларына деген сенімі мен жетістіктерін әлем   мойындағандығын  көрсетеді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің миссиясы:

  • Әлемдік және дәстүрлі діндер пішіндерінде жалпы адамзаттық бағдарларды іздеу.
  • Діндер диалогын жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық конфессияаралық институттың жұмыс істеуі.

Съездің негізгі басымдықтары:

  • Адам өмірінің мызғымас қағидаттары ретінде бейбітшілікті, келісімді және төзімділікті бекіту.
  • Діндер, конфессиялар, ұлттар мен ұлыстар арасында өзара құрмет пен төзімділікке қол жеткізу.
  • Адамдардың діни сезімдерін қақтығыстарды ушықтыру мен әскери іс-әрекеттер үшін пайдалануға жол бермеу.

Съез міндеттері:

  • Болашақ дінаралық саммиттердің идеологиясы мен тұжырымдамасын үйлестірілген, объективті және сауатты дайындау үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің тұрақты органын құру.
  • Діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты дамытуға бағытталған барлық халықаралық ұйымдармен, орталықтармен және құрылымдармен ынтымақтастық пен өзара іс –қимыл орнату.
  • Зайырлы және діни БАҚ, жастар бірлестіктері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдерін тарта отырып, әр түрлі мәдениет пен дін өкілдері арасындағы диалогты кеңейту.
  • Өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасындағы жаһандық диалогты ілгерілету.
  • Діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты тереңдету және нығайту.
  • Жек көрушілік пен экстремизм идеологиясына қарсы әрекет ретінде төзімділік пен өзара сыйластық мәдениетін дамыту.
  • Діндер мен рухани дәстүрлердің қарама -қайшылығында көрсетілген, теологиялық дауларды одан әрі саясаттандыру, бір діннің екінші дін алдында беделін түсіру арқылы көрініс табатын «Өркениеттер қақтығысы» туралы тезистердің басым болуына жол бермеу.

Съездің хронологиясы:

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  І съезі. 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында өтті. Дінаралық саммитке Еуропаның, Азияның, Африканың және Таяу Шығыстың 13 елінен рухани иерархтар мен құрметті қонақтар қатысты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезі. 2006 жылдың 12-13 қыркүйегінде өткізілді. Конгресс жұмысы жаңа, арнайы салынған ғимаратта – Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Дінаралық саммитке Еуропа, Америка, Азия және Африканың 20 елінен, әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері мен құрметті қонақтардан 29 делегация қатысты.

Съездің негізгі тақырыбы – «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік».

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III съезі. 2009 жылдың 1-2 шілдесінде өткізілді. Съезге әлемнің барлық негізгі діндерінің өкілі ретінде әлемнің 35 елінен 77 делегация қатысты.

Съездің негізгі тақырыбы: «Толеранттылық, өзара құрмет және ынтымақтастыққа негізделген әлемді қалыптастырудағы діни лидерлердің рөлі».

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі. 2012 жылдың 30-31 мамырында өткізілді. Съезге әлемнің 40 елінен барлық әлемдік және дәстүрлі діндерді, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдардың өкілдері ретінде 85 делегация қатысты.

Съездің негізгі тақырыбы: «Бейбітшілік пен келісім адамзаттың таңдауы ретінде».

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі.

2015 жылдың 10-11 маусымында өткізілді. Съезге әлемнің 42 елінен барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің, сондай-ақ беделді діни көшбасшылардың, саясаткерлер мен халықаралық ұйымдардың 80-нен астам делегациясы қатысты.

Съездің негізгі тақырыбы: «Бейбітшілік пен даму мақсатындағы діни лидерлер мен саясаткерлер арасындағы диалог».

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі. 2018 жылдың 10-11 қазанында өткізілді. Съез жұмысына барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдардың өкілдері, әлемнің 43 елінен 82-ден астам делегация қатысты.

Съездің басты тақырыбы – «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін».

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің бастамалары:

II Съез бастамалары:

  • Съезге қарасты Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын құру.
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерін Бейбітшілік пен келісім сарайында дәріс оқуға шақыру.
  • «Дінаралық диалог принциптері» құжатының қабылдануы.
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші съезіне қатысушылардың Декларациясын қабылдау.

III Съез бастамалары:

  • Діни лидерлер кеңесін құру.
  • Съез Хатшылығының қамқорлығымен оның қызметі басқа беделді форумдармен және халықаралық ұйымдармен диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Діни лидерлер кеңесінің тұжырымдамасын дайындау.
  • Дінаралық саммит нәтижесі бойынша қорытынды құжат – «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Үшінші съезіне қатысушылардың үндеуі» қабылданды.

IV Съез бастамалары:

  • G -GLOBAL - ҰЛЫ ӘЛЕМ ортақ электронды порталының бір бөлігі ретінде қоғам мен мемлекеттерге жаһандық төзімділік пен сенім принциптері мен құндылықтарын ілгерілету оның миссиясы болатын интернет -ресурсты құру.
  • Діни лидерлер кеңесінің 1 -ші отырысын, сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Хатшылығын өткізу.
  • «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Төртінші съезіне қатысушыларының үндеуі» қорытынды құжатын қабылдау.

V Съез бастамалары:

  • Съездің марапаттарын тағайындау:

- Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы;

- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Құрмет медалі.

  • Бейбітшілік пен келісім мұражайын құру.

VI Съез бастамалары:

  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бейбітшілік пен келісім жолындағы жаһандық өзара әрекеттесу үдерісіне қосқан айрықша үлесін тану үшін «Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығын» құру.

 

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ ХАТШЫЛЫҒЫ

Жалпы ақпарат. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығы - бұл әр отырыстың қызметін қамтамасыз ететін Съездің жұмыс органы.

2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші Съезіне қатысушылардың шешімі бойынша құрылған.

Съез Хатшылығының басшысы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.

Хатшылық құрамына ислам, христиан (православие, католицизм, лютерандық), буддизм, иудаизм, индуизм, зороастризм, даосизм, синтоизмнен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының өкілетті өкілдері кіреді.

2003-2021 жылдар аралығында Съез Хатшылығының 18 отырысы өткізілді.

Хатшылық:

– Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кеңесі мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съездерін қамтамасыз етеді;

– Кеңестің бекітуіне Съездің ұсыныстары мен күн тәртібін әзірлейді;

*Анықтамалық: Діни лидерлер кеңесі әлемдік және дәстүрлі діндер Съезінің басқарушы органы болып табылады. Діни көшбасшылар кеңесіне негізгі әлемдік және дәстүрлі діни бірлестіктер мен конфессиялардың басшылары кіреді. Кеңес Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жазбаша келісімімен құрылады. Құрылтайшылардың келісімімен не Хатшылықтың ұсынымы бойынша Кеңестің құрамына жаңа мүшелер енгізілуі мүмкін. Кеңес отырыстары кемінде үш жылда бір рет шақырылады. Ерекше жағдайларда Кеңестің кезектен тыс отырыстары шақырылуы мүмкін. Бірінші Кеңес 2012 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезі жұмысының аясында өтті (кеңес отырысы 2012, 2015, 2018 жж. өтті). Кеңес дағдарыс кезінде мәлімдемелер немесе үндеулер жасай алады.

– декларация, мәлімдеме мәтіндерінің және кеңес қабылдайтын өзге де қорытынды құжаттардың жобаларын дайындайды;

– шешім жобаларын немесе өзге құжаттарды Кеңес мүшелеріне таратуды қамтамасыз етеді;

– кеңестің тапсырмасы бойынша хатшылықтың басшысы Съезді басқа дінаралық форумдармен және ұйымдармен қарым-қатынаста ұсынады.

 

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ XIX ХАТШЫЛЫҒЫ

2021 жылдың 5 қазан күні, Съездің XIX Хатшылығы қарсаңында (Нұр-сұлтан қаласы) Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл Болат Сәрсенбаевтың басшылығымен Съез Хатшылығы Жұмыс тобының отырысы өтеді.

Жұмыс тобының отырысына Ислам істері министрлігінің өкілдері, Сауд Арабиясы Корольдігінің үндеуі мен уағыз өкілдері, Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институты (Пәкістан), Египет Араб Республикасының Уақыфтар министрлігі, Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеу байланыстары бөлімі, Қасиетті Тақтың Папалық кеңесінің дінаралық диалог бойынша Ислам бюросы (Ватикан), Дүниежүзілік Лютеран Федерациясы, Англикан шіркеуі (Ұлыбритания), Израильдің Бас сефард раввині, Орталық Азиядағы «Чогие» Корей Буддисттік ұйымы және Джаынс храмы, «Сомайя Видьявихар» университетінің Конфессияаралық қатынастар және өзара түсіністік жөніндегі бағдарламалары (Үндістан) және басқа да ұйымдастырдың қатысуы жоспарлануда.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының Жұмыс тобы қатысушыларының толық тізімі Н. Назарбаев орталығының сайтына орналастырылады: http://religions-congress.org.

2021 жылдың 6 қазанында Бейбітшілік және келісім сарайында (Нұр-сұлтан қаласы) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен XIX Съезд Хатшылығы өтеді.

XIX Съезд Хатшылығының күн тәртібі мынадай мәселелерді қарауды көздейді:

  1. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне дайындық барысы мен пандемиядан кейінгі даму жағдайындағы Съездің маңызы.
  2. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мәдениеттер мен өркениеттердің жақындасуындағы қазіргі заманғы діни көшбасшылардың рөлін анықтау, халықтар достастығын нығайту үшін 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің пленарлық және секциялық отырыстарының форматы, сондай-ақ тақырыбын анықтау.
  3. Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Құрмет медалін беру критерийлері.
  4. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өркениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілетудегі көрнекті рөлі туралы арнайы құжат жобасын талқылау.
  5. Съез Хатшылығының ХХ отырысын өткізу күні мен орнын айқындау.

XIX Хатшылықтың құрамына шетелдік діни жетекшілер мен халықаралық орталықтар басшыларының өкілдері енгізіледі. Атап айтқанда, Әл-Азхардың Исламдық зерттеулер академиясы (Египет), Дүниежүзілік Ислам Лигасы (Сауд Арабиясы), Кавказ мұсылмандары басқармасы (Әзірбайжан), Ислам, шақыру және тәлім беру істері жөніндегі министрлік (Сауд Арабиясы), Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институты (Пәкістан), Мысыр Уақыфтар министрлігі, Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеу байланыстары бөлімі, Армян апостолдық шіркеуінің украин Епархиясы, Қасиетті Тақтың Папалық кеңесінің дінаралық диалог бойынша Ислам бюросы (Ватикан), Англикан шіркеуі (Ұлыбритания), Дүниежүзілік Лютеран Федерациясы, Израильдің Бас сефард раввині, Израильдің Ашкенази раввині, Дүниежүзілік буддистер қауымдастығы (Таиланд), Қытай буддистер қауымдастығы, Қытай даосистер қауымдастығы, "Джинджя Хонче" синтои ұйымы (Жапония), «Сомайя Видьявихар» университетінің Конфессияаралық қатынастар және өзара түсіністік жөніндегі бағдарламалары (Үндістан), БҰҰ Өркениеттер альянсы (АҚШ), Мұсылман ақсақалдар кеңесі (БАӘ) және т.б.

Қазақстан діни бірлестіктерінің өкілдері және келесі бірінші мемлекет басшыларының қатысуы жоспарлануда:

Мәулен Әшімбаев – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы.

Аида Балаева – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Директорлар кеңесінің төрайымы.

Ақан Рахметуллин – Сыртқы істер министрінің орынбасары, Съез Хатшылығы басшысының орынбасары.

Серік Егізбаев – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі, Съез Хатшылығы басшысының орынбасары.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XIX отырысына қатысушылардың толық тізімі Н. Назарбаев орталығының сайтына орналастырылады: http://religions-congress.org.

 

СЪЕЗДІҢ XIX ХАТШЫЛЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА ЖӘНЕ ХАТШЫЛЫҚТАН КЕЙІН ӨТКІЗІЛЕТІН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР СЕРИЯСЫ

Съез Хатшылығының XIX отырысына дайындық жұмысы шеңберінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктер базасында дөңгелек үстелдер сериясын іске қосады. Дөңгелек үстелдер Елбасының конфессияаралық диалогты қамтамасыз ету және сақтау бойынша негізгі бастамаларын ілгерілетуге, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамытуға бағытталған.

Барлығы 13 дөңгелек үстел (Армения, Венгрия, Германия, Үндістан, Иран, Канада, Қырғызстан, Малайзия, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Түркия, Чехия және Швейцария) өткізу жоспарлануда. Дөңгелек үстелге Хатшылық пен Съез мүшелері, жергілікті діни лидерлер, жетекші сарапшылар, саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ әлемдік беделді ғылыми-зерттеу институттары, сараптамалық «ми» орталықтары (think tanks), жоғары оқу орындары, халықаралық ұйымдар және жетекші әлемдік БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.

Съез Хатшылығының XIX отырысы қарсаңында Мумбай, Исламабад, Женева, Прага және Эр-Риядта 5 дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі мен оның институттары туралы қосымша ақпарат Н. Назарбаев Орталығының сайтында жарияланған: http://religions-congress.org.

 

КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ Н. НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ

Жалпы ақпарат. Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығын құру идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысушыларының бастамасымен  2018 жылдың қазанында көтерілген болатын. 

2019 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №226 Қаулысымен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы құрылды.

Орталықтың негізгі бағыттары:

  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты жолға қою, сақтау, дамыту және қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілету.
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеялары мен шешімдерін танымал ету.
  • Әлемдегі діни жағдайды талдау.
  • Халықаралық диалогты ілгерілету жөніндегі жаңа бастамаларды жандандыру және пысықтау.
  • Дінтану сараптамасы объектілерінің кешенді сараптамасын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Орталықтың мақсаттары мен міндеттері:

  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін шақыруды және оның институттарының – діни лидерлер кеңесінің, Съез Хатшылығы және Хатшылықтың жұмыс тобының отырыстарын дайындау, ұйымдастыру және өткізу.
  • Халықаралық құрылымдармен (ұйымдармен, орталықтармен, ассамблеялармен) қарым-қатынас орнату.
  • Өркениетаралық, дінаралық және конфессияаралық диалог мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдер жасасу.
  • Конфессияаралық диалогтың бірегей қазақстандық моделін халықаралық аренада ілгерілету.
  • Діндердің, конфессияаралық және өркениетаралық диалогтың өзекті мәселелері бойынша халықаралық, республикалық және өңірлік іс-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу.
  • Отандық және шетелдік діни бірлестіктермен, олардың рухани көшбасшыларымен жүйелі негізде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
  • Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жәрдемдесу.
  • Қазақстан мен әлемдегі діни ахуалдың жай-күйі мен даму серпініне сараптама жүргізу.
  • Диалог құру, діни мәдениеттерді, өркениеттер мен конфессияларды жақындастыру жөніндегі бастамаларды іске асыру.
  • Діни тақырыптағы шетелдік және отандық БАҚ мониторингі.

Орталық жұмысының стратегиялық блогы аналитикалық бағытқа арналған. 2020 жылғы 26 мамырдан бастап орталықтың жанынан діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институты құрылды.

Институт әлемдегі діни ахуалға тұрақты негізде талдау жүргізеді. Сараптамалық-талдау материалдары өзекті тақырыптар бойынша (олардың ішінде өркениетаралық және конфессияаралық даму саласындағы әлемдегі діни трендтер, ортақ мақсаты бар институттардың, диалог алаңдарының халықаралық тәжірибесін, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі зерделеу, 2019-2020 жылдарға арналған әлемнің діни картасы, діни ғимараттар құрылысын құқықтық реттеудің шетелдік тәжірибесі, Дін мәселелері және діни қайраткерлердің, жастардың және т.б. әлеуметтік жауапкершілігі) жүргізіледі.

Сонымен қатар, орталық базасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезін өткізу шеңберінде 2018 жылғы 10 қазанында ашылған Бейбітшілік және келісім мұражайы жұмыс істейді.

Мұражайдың негізгі мақсаты – Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын және әлемдік музей орталықтарын дамытудың қазіргі заманғы үрдістеріне сай келетін инновациялық музей кешенін құру арқылы адамзат проблемаларын шешу үшін мемлекетаралық және өркениетаралық өзара іс-қимылдың замануи тәжірибесін сақтау және танымал ету.

Орталықтың серіктестері. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын жаһандық деңгейде насихаттауда орталық қызметінің басым бағыты халықаралық құрылымдармен қарым-қатынас орнату болып табылады.

Орталықтың тұсаукесерлері Ватикан, АҚШ, Сауд Арабиясы Корольдігі, Жапония, Сингапур, Швейцария, Түркия, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет, Бельгия, Австрия, Польша, Үндістан, Пәкістан сияқты жетекші діни ұйымдар мен халықаралық құрылымдарда өтті.

        Қазіргі уақытта Орталық Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институты, Халықаралық мәдени дипломатия институты, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Қасиетті Тақтың дінаралық диалогы бойынша Папалық Кеңес (Ватикан), Назарбаев университеті, Баку конфессияаралық және өркениетаралық ынтымақтастық орталығы, Шарджа университеті (БАӘ), Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы ислам өркениеті орталығы, ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институты, ҚР орталық мемлекеттік мұражайы, ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Оманның «Asdaa Oman» онлайн газеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, «Хабар" Агенттігі» АҚ және БҰҰ Өркениеттер Альянсымен әріптестік туралы келісімге қол қойылды.

Н. Назарбаев орталығы туралы қосымша ақпарат әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында: «Facebook», «Twitter», «Instagram», «Telegram" арнасында және корпоративтік сайтта http://religions-congress.org. жарияланған.