Қазақстан Елшісі Палестина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Палестина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Тұматов Қазақстан Республикасының Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы ретінде Палестина Президенті Махмуд Аббасқа онлайн форматта сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты рәсімде қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізе отырып, мемлекет басшылығының екі елдің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жан-жақты нығайту бойынша дәйекті бағдарын растады.

Өз кезегінде, Палестина басшысы Елші А.Тұматовқа жаңа жауапты қызметіне табыстар тілей отырып, Елбасы Н.Назарбаевқа және ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевқа достық лебіздерін білдірді.

Палестина Президентіне Босния және Герцеговина, Бруней-Даруссалам, Малайзия, Бангладеш және Ирак елшілері де сенім грамоталарын тапсырды.