Қазақстан-Иордания саяси консультациялары онлайн режімде өтті

Қазақстан-Иордания саяси консультациялары онлайн режімде өтті

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 7 қыркүйек - Қазақстан мен Иордания сыртқы саяси ведомстволары арасында видеоконференц байланыс форматында саяси консультациялар өтті.

         Іс-шара барысында ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Оңталап Оңалбаев пен ИХК СІМ Азия және Океания істері департаментінің директоры Малек Туаль саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ағымдағы жағдайы мен келешегін, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдар, олардың ішінде БҰҰ, ИЫҰ (АҚИҰ) және АӨСШК аясында екі ел арасындағы өзара ықпалдастығын талқылады. Сонымен қатар, тараптар үкіметаралық комиссияның кезекті 5-ші отырысын, сондай-ақ Қазақстан-Иордания бизнес форумын жақын арада өткізуге уағдаласты.        

Саяси консультациялар шеңберінде тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, олардың ішінде Таяу Шығыс бейбіт реттеу процесі, Сирия және Ауғанстандағы ахуал сондай-ақ т.б. мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.