Амман қаласында Қазақстан мен Иордания арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Амман қаласында Қазақстан мен Иордания арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2021 жылы 28 ақпанда Қазақстанның Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматов Иордания университетінің ректоры Абдель Карим әл-Құдамен кездесіп, ғылым мен білім саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту жолдарын, сондай-ақ Қазақстан-Иордания университеттері арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Тараптар 2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум ережелерін, соның ішінде академиялық және студенттік алмасуға, сондай-ақ Иордания университетінің қабырғасында құрылған «әл-Фараби атындағы Мәдениет, этика және саясат орталығының» жұмысын белсендіруге мүдделілігін білдірді.
Кездесу соңында өткен жылы Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтуге қосқан үлес үшін Абдель Карим әл-Құдаға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің алғыс хаты тапсырылды.