Иорданияның сыртқы саяси мекемесінде халықаралық ұйымдар желісі бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Иорданияның сыртқы саяси мекемесінде халықаралық ұйымдар желісі бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Амман, 2026 жылғы 14 маусым – Иордан Хашимит Корольдігінің Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрлігінде Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбайдың ИХК СІМ Халықаралық ұйымдар департаментінің директоры Али Әл-Басулмен кездесуі өтті.

Сұхбат барысында тараптар халықаралық ұйымдар шеңберінде Қазақстан мен Иорданияның өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, оның ішінде көпжақты алаңдардағы күш-жігерді үйлестіруді, екі елдің бастамалары мен кандидатураларын ілгерілетуді, сондай-ақ халықаралық институттар желісі бойынша ынтымақтастықты әрі қарай кеңейту перспективаларын талқылады.

Үстіміздегі жылғы желтоқсан айында Иорданияда өтетін Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті нығайту жөніндегі жаһандық бастама аясындағы Жоғары деңгейдегі конференцияға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар іс-шараға дайындық барысы бойынша пікір алмасты, Конференцияның қорытынды құжаттарын келісу үдерісіне тоқталды және аталған бастама шеңберінде алдағы уақытта тығыз өзара іс-қимыл жасауға мүдделіліктерін растады.

Сонымен қатар, сұхбаттасушылар су қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырып, осы саладағы көпжақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған халықаралық бастамаларды ілгерілету мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық ұйымдар мен көпжақты форматтар шеңберінде Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын келешекте нығайту, үйлестіру және дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыруға ниетті екендіктерін атап өтті.