Иорданияда Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар талқыланды

Иорданияда Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар талқыланды

Амман, 2026 жылғы 22 ақпан – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Тәуелсіз сайлау комиссиясының төрағасы Мұса Маайтамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, оның ішінде сайлау үдерістерін ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибе алмасуды, сондай-ақ Иордания Тәуелсіз сайлау комиссиясынан бақылаушылардың Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша үстіміздегі жылғы 15 наурызда өтетін Республикалық референдумға қатысуын талқылады.

Елші Т.Шалданбай иордан тарапына саяси жүйені жаңғыртуға және өкілді институттардың рөлін күшейтуге бағытталған Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар туралы толық ақпарат беріп, Конституция жобасы қоғамның түрлі топтарының өкілдерінен келіп түскен ұсыныстар мен бастамалар негізінде дайындалғанын атап өтті.

Төраға М.Маайта Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға қызығушылық танытты және  иордан тарапынан бақылаушылар жіберуге дайын екендігін растады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар саяси диалог пен бірлескен практикалық жұмыстағы оң динамиканы атап өтті.