www.export.gov.kz жаңа портал туралы

www.export.gov.kz жаңа портал туралы
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі отандық экспорттаушыларға кешенді қолдау көрсету үшін www.export.gov.kz порталы құрылғанын және оның операторы ретінде Министрлік жанындағы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы»» АҚ-ның экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық институты қызмет ететінін хабарлады.
Аталған портал Қазақстан Республикасының тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің шикізаттық емес экспортын ілгерілету мақсатын көздей отырып, сыртқы сауда қызметі саласындағы барлық қажетті консультациялық-талдамалық ақпаратты қамтиды, сондай-ақ экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін онлайн форматта өтінім беруге мүмкіндік береді.