Иордания сыртқы саяси мекемесінде экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Иордания сыртқы саяси мекемесінде экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Амман, 2026 жылғы 28 қаңтар – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иорданияның Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрлігі Азия және Океания департаментінің директоры Мұхаммед Абу Вендимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Иордания ынтымақтастығының жоғары және серпінді дамып келе жатқан деңгейіне қанағаттанушылықтарын білдіріп, екіжақты өзара іс-қимылды әрі қарай нығайту перспективаларын талқылады. 

Мемлекет басшылары деңгейінде бұрын қол жеткізілген, оның ішінде сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға ерекше мән берілді. Тікелей әуе қатынасын іске қосудың, сондай-ақ фармацевтика, фосфат, көлік-инфрақұрылым және цифрлық салалардағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, саяси консультациялар өткізу тәжірибесін жандандыру арқылы саяси диалогты институционалдандыру және кезең-кезеңімен дамыту қажеттілігіне назар аударылды.

Қазақстан Елшісі иордан тарапына Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі сындарлы диалог пен тығыз өзара іс-қимыл үшін, оның ішінде күтілудегі Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы жарғысын Иорданияның ратификациялауы, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетімен ынтымақтастық пен Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы іске қосуды қамтитын бірлескен гуманитарлық бастамаларды қолдағаны үшін алғыс білдірді.

Кездесу барысында екіжақты күн тәртібін практикалық мазмұнмен толықтыру перспективалары, атап айтқанда, 2026 жылы Қазақстанның Иорданияға сауда миссиясын өткізу ниеті, сондай-ақ сімаралық консультациялар өткізу, Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің кезекті отырыстарын ұйымдастыру және басқа да бірлескен іс-шараларды, оның ішінде мәдени-гуманитарлық сипаттағы іс-шараларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты кезең-кезеңімен дамытуға бағытталған тұрақты байланыстар мен тығыз өзара іс-қимылды қолдауға дайын екендіктерін растады.