Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығының үйлестірушісімен кездесу

Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығының үйлестірушісімен кездесу

Амман, 2026 жылғы 15 қаңтар – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Амман қаласындағы Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығының үйлестірушісі Мұстафа Өзтүрікпен кездесті.

Кездесу Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігінің ғимаратында Түрік мәдени орталығының бастамасымен өтті.

М.Өзтүрік Елші Т.Шалданбайға 2025 жылғы 13 желтоқсанда Амман қаласында өткен «Түркі тілдері отбасының күні» мәдени-ағартушылық іс-шарасына Елшіліктің белсенді қатысқаны үшін Орталық атынан алғыс сертификатын табыс етті.

Сұхбат барысында Түрік мәдени орталығының өкілдері Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері дайындаған домбырада орындалған музыкалық қойылымды ризашылықпен атап өтті. Сонымен қатар, қазақ киіз үйінің, ұлттық киімдер мен тағамдардың таныстырылымы көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырғанын жеткізді. Бұл, олардың пікірінше, көрсетілімдер қазақ мәдениетінің байлығы мен өзіндік ерекшелігін айқын көрсетті.

Өз кезегінде, Елші Т.Шалданбай М.Өзтүрік пен Орталық ұжымына іс-шараға қатысуға шақырғаны және оны сапалы түрде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, мұндай бастамалардың түркі халықтары мен Иордания арасындағы гуманитарлық және мәдени байланыстарды нығайтудағы маңыздылығына тоқталды.

Тараптар ынтымақтастықтың алдағы кезеңдегі болашағы туралы пікір алмасты, сондай-ақ Иордания жұртшылығын түркі халықтарының мәдениетімен таныстыруға бағытталған бірлескен мәдени-ағартушылық жобаларды дайындау және іске асыру мақсатында тығыз диалогты жалғастыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.