
Амман, 2025 жылғы 12 қараша – Иордан Хашимит Корольдігі Парламентінің Сенатында Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай Қазақстан-Иордания Достық комитетінің төрағасы Махмуд Әл-Фрейхатпен кездесті.
Тараптар екі ел арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту перспективаларын талқылап, оның саяси және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың маңызды құралы ретіндегі рөлін атап өтті.
Елші ү.ж. 1 қазанда Иордания Сенатының төрағасы Фейсал Әл-Фаизбен өткен кездесуін еске салып, парламенттік дипломатия жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың пәрменді тетігі ретінде қызмет ететініне назар аударды. Тараптар Қазақстан мен Иордания парламенттері арасындағы байланыстарды әрі қарай тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.
Сонымен қатар, Елші Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша шолу жасап, тұрақты оң динамиканы, өнеркәсіптік және аграрлық секторлардың өсуін, сондай-ақ экономиканың әртараптандырылуын жеткізді.
Сұхбат барысында екі ел парламенттері жанындағы достық топтарының отырыстарын онлайн-форматта өткізу, сондай-ақ парламенттік ынтымақтастықты жандандырудың ықтимал нысандары талқыланды.
Төраға М.Әл-Фрейхат тұрақты парламентаралық байланыстар идеясына қолдау білдіріп, Қазақстан мен Иорданияның заң шығарушы органдары арасындағы диалогты әрі қарай кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу екіжақты қарым-қатынастарды дәйекті түрде нығайтуға деген жалпы көзқарасты растай отырып, сенім мен өзара түсіністік рәуіште өтті.