Бағдад, 2025 жылғы 8 қазан – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбайдың еліміздің Ирактағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы ретінде Ирак Республикасының Президенті Әбдел Латиф Жамал Рашидке сенім грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.
Салтанатты рәсімнің соңында тараптар Қазақстан мен Ирак арасындағы қатынастарды нығайтуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Елші Т.Шалданбай Ирак Президенті Әбдел Латиф Рашидке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді, сондай-ақ еліміздің екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуге бейілділігін растады.
Өз кезегінде, Ирак Президенті екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға ниетін білдіріп, Елшіге дипломатиялық қызметінде табыс тіледі.