Қазақстан Елшісі Ирак Сыртқы істер министрімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Елшісі Ирак Сыртқы істер министрімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бағдад, 2025 жылғы 6 қазан – Ирак Республикасының Сыртқы істер министрлігінде резиденциясы Амман қаласында (Иордания Хашимит Корольдігі) орналасқан Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Талғат Шалданбайдың Ирак Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Фуад Хусейнге сенім грамоталарының көшірмелерін тапсыру рәсімі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ирак арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі нақты қадамдар талқыланды. Тараптар саяси диалогты дамытудың, сондай-ақ сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Елші Т.Шалданбай Қазақстанның екіжақты байланыстарды әрі қарай тереңдету жолында белсенді жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.

Министр Ф.Хусейн Елшінің қызметіне табыс тіледі және оның жұмысы екіжақты қатынастарды ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.