Ирак СІМ-де Қазақстан мен Ирак арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Ирак СІМ-де Қазақстан мен Ирак арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі және Ирак Республикасында Елші қызметін қоса атқарушысы Талғат Шалданбай Ирактың Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің директоры Матс Ас-Самараймен және Консулдық департамент директоры Фалах Әбдел Хасанмен екіжақты кездесулер өткізді.

Тараптар саяси диалогты нығайту, шарттық-құқықтық базаны және мәдени өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Ирак арасындағы консулдық ынтымақтастықты кеңейту секілді бірқатар мәселелерді талқылады. Кездесулер Ирак Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі Фуад Хусейнге сенім грамоталарының көшірмелерін тапсыру рәсімі аясында өтті.