ИХК СІМ-де кездесу туралы

ИХК СІМ-де кездесу туралы

Амман, 2025 жылғы 24 қыркүйек –  Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай ИХК Сыртқы істер және экспатрианттар істері министрлігінің Операциялар және консулдық қызмет департаментінің директоры Ферас Әл-Хоуримен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар консулдық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты және осы саладағы екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайту жолдарын талқылады. Иордания аумағындағы Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайларда іс-қимылды үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Елші Т.Шалданбай екі елдің консулдық құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін дамытудың маңыздылығын атап өтіп, иордан тарапына консулдық мәселелерді шешуге көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді.

Өз тарапында, Ф.Әл-Хоури қазақ тарапымен өзара іс-қимылды әрі қарай кеңейтуге дайындығын растап, екіжақты қатынастардың қәзіргі деңгейіне жоғары баға берді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты жұмыс байланыстарын ұстану және консулдық саладағы тиімділікті арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру туралы уағдаласты.