Амман, 2025 жылғы 29 шілде – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Cауда палатасының төрағасы Халил Әл-Қажы Тауфикпен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар екі елдің жеке сектор өкілдері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуді, оның ішінде Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.
Тараптар екіжақты экономикалық байланыстарды жандандыруға өзара мүдделілікті растап, Қазақстан мен Иорданияның бизнес-қауымдастықтары арасында тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.