Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Eкіжақты қарым-қатынастар

Жалпы мәліметтер

1993 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасында дипломатиялық қатынастар орнады.

2007 жылғы сәуірде Иорданияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.

2007 жылғы шілдеде Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі ашылды.

2024 жылғы маусымнан бастап Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі – Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай. 

2023 жылғы тамыздан бастап Иорданияның Қазақстандағы Елшісі Хамза Әл-Омари болып табылады.

 

Саяси ынтымақтастық

ҚР Бірінші Президенті Н.Назарбаев Иорданияға екі рет ресми сапармен барды (2006 ж. және 2009 ж.).

Иордания Королі Абдалла II ибн Әл-Хусейн Қазақстанда сегіз рет болды (2005 ж., 2007 ж., 2017 ж. және 2025 ж. - ресми, 2008 ж. және 2010 ж. - жеке, ал 2014 ж. және 2015 ж. жұмыс сапарларымен).

ҚР Президенті Қ.Тоқаев 2025 жылғы 18-19 ақпанда Иорданияға ресми сапармен барды.

Бұдан бұрын ҚР Президенті Қ.Тоқаев Иордания Королі Абдалла II БҰҰ БА-ның Нью-Йорк қаласындағы 74-ші (2019 ж. 25 қыркүйек) және 77-ші (2022 ж. 20 қыркүйек) сессияларында келіссөздер жүргізді.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Қ.Тоқаев Парламент Сенатының Төрағасы ретінде Иордания Королімен кездесті:

- Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне шақыру тапсыру үшін 2015 жылғы наурызда Амман қаласына жұмыс сапары. Король
Абдалла II 2015 жылғы 10-11 маусымда Астана қаласында өткен осы іс-шараға қатысты.

- Корольдің 2017 жылғы 31 қазан–1 қарашадағы Қазақстандағы ресми сапары барысында Корольге «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін сыйлық» табыс етілді.

 

Сыртқы саяси мекемелер арасындағы ынтымақтастық

2017 жылғы 6 шілдеде Амман қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Камалдинов пен ИХК СІМ Бас хатшысы З.Әл-Лузидің басшылығымен алғашқы сімаралық саяси консультациялар өтті.

ҚР мен ИХК сыртқы саяси мекемелері департаменттерінің директорлары деңгейінде сімаралық консультациялардың екінші отырысы 2021 жылғы 9 қыркүйекте онлайн режимде өтті.

2019 жылғы 23 желтоқсанда консулдық мәселелер бойынша Қазақстан-Иордания консультацияларының 1-отырысы өтті. Қазақстан делегациясын ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Т.Үмбетбаев, Иордания делегациясын Корольдіктің Қазақстандағы Елшісі Юсеф Әбделғани басқарды.

 

Парламентаралық ынтымақтастық

2019 жылғы 23-24 қыркүйекте ИХК Парламенті қос палатасының басшылары – ИХК Сенат Спикері Фейсал Әл-Файез және ИХК Өкілдер палатасының Спикері Атеф Ат-Тарауна Нұр-Сұлтан қаласында өткен Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-ші кеңесіне қатысты.

Аталған сапар аясында ИХК Сенатының Спикері Ф.Әл-Файез ҚР Сенатының Төрағасы Д.Назарбаевамен, ал ИХК Өкілдер палатасының Спикері А.Ат-Тарауна ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулинмен, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Склярмен және ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаровпен келіссөздер жүргізді.

Қазақстан Парламенті Сенатында Иордания Сенатымен ынтымақтастық жөніндегі топ жұмыс істейді. Топтың басшысы Н.Жүсіп болып табылады. 

Өз кезегінде, Иорданияның Сенатында Қазақстан-Иордания Достық комитеті жұмыс істейді. Оның төрағасы – Махмуд Әл-Фарайхат.

Парламенттердің төменгі палаталары деңгейінде ынтымақтастық орнатылды. ҚР Парламенті Мәжілісінің Иорданиямен ынтымақтастық жөніндегі тобы жұмыс істейді. Оның төрағасы - А.Аймағамбетов. Сонымен қатар, Иордания Өкілдер палатасының Қазақстан-Иордан Достық қауымдастығы жұмыс істейді. 2024 жылғы 10 қыркүйекте Иордания Өкілдер палатасының жаңа құрамын сайлауға байланысты Комитет басшысы айқындалуда.

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Соңғы жылдары Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықта оң өсу серпіні байқалады. Бұл жалпы тауар айналымы мен экспорттың өсуінен де көрінеді (2021 жылы қазақстандық экспорт 0,1 млн. АҚШ долл., ал 2024 жылы 3,7 млн. долл. құрады. Бұл көрсеткіш 37 есе артты).

Қазақстан мен Иордания арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 6,4 млн. АҚШ долл. құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6,7%-ға жоғары (6,0 млн. АҚШ долл.). Сауда балансы оң.

Иорданиядан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 2005-2024 жылдар аралығында 15,4 млн. АҚШ долл. құрады.

Аталған кезеңде Қазақстаннан инвестициялардың жалпы ағыны 4 млн. АҚШ долл. құрады.

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда Иордания капиталының қатысуымен 95 заңды тұлға тіркелген, оның ішінде 59-ы жұмыс істейді.

2006 жылдан бастап Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания Үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) қызмет етеді.

Қазақстан тарапынан ҮАК тең төрағасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.Жұманғарин, иордан тарапынан – ИХК Өнеркәсіп, сауда және жабдықтау министрі Яруб Әл-Қуда болып табылады.

ҮАК-тың соңғы 5-ші отырысы 2024 жылғы 10-11 желтоқсанда Амман қаласында өтті.

2007 жылдан бастап Қазақстан мен Иордания арасында Іскерлік кеңес жұмыс істейді.

Қазақ тарапынан Іскерлік кеңестің төрағалық етуші органы «Атамекен» ҚР ССП, иордан тарапынан - Иордания Сауда палатасы болып табылады.

ҚР-ИХК Іскерлік кеңесінің соңғы 4-ші отырысы 2025 жылғы 19 тамызда онлайн-форматта өтті.

2025 жылғы 27 тамызда Астана қаласында ҚР Президенті Қ.Тоқаев пен Иордания Королі Абдалла II-нің қатысуымен ірі Қазақстан-Иордания Бизнес-форумы өтті.

 

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Иордания астаналары Астана мен Амман 2005 жылғы
8 қарашада қол қойылған Астана қаласының әкімдігі мен Үлкен Амман муниципалитеті арасындағы Бауырластық қатынастар орнату туралы келісім негізінде бауырлас қалалар болып табылады.

2008 жылғы қыркүйек айында Астана қаласында Иорданияның Қазақстандағы Мәдени күндері өтті.

2009 жылғы қараша айында Иорданияда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Амманға ресми сапары қарсаңында Қазақстанның Мәдени күндері ұйымдастырылды. 

2014 жылғы мамыр айында Астана қаласында Иорданияның бұрынғы Королі Хусейн бен Талалдың есімімен аталатын жаңа көше ашылды.

2020 жылғы 22 желтоқсанда көрнекті қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175-жылдығын мерекелеу аясында Иорданияның ең ірі жоғары оқу орындарының бірі «Middle East University» кітапханасының базасында Абай бұрышының салтанатты ашылуы өтті. Сонымен қатар, мерейтой жылы Иордания астанасының орталық көшелерінің біріне Абай есімі берілді.

2025 жылғы 19 желтоқсанда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Иорданияға ресми сапары барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ИХК Мәдениет министрлігі арасында 2025-2027 жылдарға арналған мәдени ынтымақтастық жөніндегі атқару бағдарламасына, сондай-ақ Амман және Астана қалалары арасындағы Бауырлас қалалар туралы келісімді іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына қол қойылды.

Қазақстанның жоғары оқу орындарында Иорданияның 288 азаматы білім алуда.

Документы
Новости
Полезные материалы
Eкіжақты қарым-қатынастар
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Twitter
youtube

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері