Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына гүл шоқтарын қою рәсімі

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына гүл шоқтарын қою рәсімі

2025 жылғы 9 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Ұлы Отан соғысындағы фашизмге қарсы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Іс-шараға Алматы қаласының Әкімі Ерболат Досаев, ардагерлер ұйымдары, Алматыда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагерлері қатысты.